ВЕРНУТЬСЯ

                    (аңыз)Тітіреткен жаһанды Заһар патша,Айбары зор, ақылы аз, амал қанша?!Қара аспанын қайғының орнатадыҚара жүрек зәуімен қаһарланса. Айналасы хан сырын білетұғын –Таныған-ды тағының бір өкілін.Араны обыр, ашқарақ билеушініңАлтын көрсе, ажары кіретұғын. Жан шыдамас жауыздың тозағына,Қарамайтын – адал ма, жазалы ма?Алтыны бар аймақтың – соры қалың,Ілінетін сұм патша назарына. Момын елдің көз жасын жауыпты бұлт,Кегі оянып, жауызға жауықты жұрт....Ашкөз патша азғана нөкеріменОтырған-ды ішіп-жеп, сауық құрып. Үрейлентпек болғанмен үріккенді,Қатал патша қаһарға іліккен-ді –Түсі суық, мұздай боп қаруланғанОн шақты адам шатырға кіріп келді. Іштегілер ілкіде қалды сасып,Жүре берді оқиға қанға ұласып.Аз нөкерге алты адам ес жиғызбай,Қағып алып қаруын, алды басып. Байлап-матап тастады нөкерлерін,Жер құштырып қарсы қол көтергенін.Дөңгеленіп дүние жүре берді,«О, өмір-ай, алдамшы, бекер ме едің?!». Бағалатып әмірші нарқын биік,Айта алмады өсиет халқын жиып –Ел үкімін екі ұлы орындады,Көмейіне еріткен алтын құйып. Ел үкімін орындап екі заңғар,Кегі қайтты кеудеде оты барлар.- Өмір бойы осыған тоймап едің,Енді разы шығарсың?! – деді ұландар. Тағдыр – мерген, атқанын шын құлатқан,Мың күн көздеп мылтықты, бір күні атқан.Атақ, байлық, алтынның жауыз құлыАжалын да тапты сол жылтырақтан. Бір түйінді осынау жайдан ұқтым:Жазсын, мейлі, құлашын айға мықтың;Қанша әулие болса да қаһары зор,Жібермейді қарғысы жай халықтың!..1988 жыл, 23 шілде.Сыңғырлау.