ВЕРНУТЬСЯ

Қара гүл

«Қара гүл – менің мұңымды жаяр жаршы ма,Аршылар мұңың – қансыра, жүрек, қансыра.Көз орнында көз емес, кейде қарасам,Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»                                                (Жанат Айтмұханбетова) Қос ғашық, әне, жүзі – күн,Қырға бір көзің жіберші.Іздеп  жүр олар қызылын,Ал маған қара гүл – енші. Жығылды мәңгі жалау-жыр,Тым ерте көшкен көктемдей.Алатау бойы – алау-гүлҚап-қара болып кеткендей. Қап-қара гүлін тағынып,Ұмтылды көңіл арайға.Қап-қара шәлі жамылып,На

Соңғы сөз

«Мен осыдан сыр ұқтым,Неге керек басқа өлшем:Кешем – көкжал жігіттіңКөздерінен жас көрсем».                      (Меңдекеш Сатыбалдиев) Мәңгілік мұңым болдың сен де менің,Сең соққан балықтайын сенделемін.Жолданған жүрегіме оқтай болды-ауСол жолы кездесуге келмегенің. Аялай алдың ба, айнам, көктем гүлін,Өтті ме, бәлкім, менің өктемдігім?!Қимайтын қызғаншақтау жүрегімдіҚинайтын – тек түсінбей кеткендігің. Арманның абат бағын аралармын,Мен бірақ жазылмастай жараландым.Көңілімде – көне алмаға

Қиылып бала жанар көп қарады...

Қиылып бала жанар көп қарады,Көргеннен көңіл шіркін тоқтамады.Өмірден қол көтеріп кеткен жандыӨзіне тартатындай от жанары. Сазындай аруананың салған боздап,Бір әуен жүрегімді қалған қозғап.Көзінен тұрғандайын от ұшқындап,Көзінен жатқандайын арман қоздап. Қырқылған қос қанаты тырна сындыКөңілім алабұртып, бір басылды.Жалт еткен сол найзағай-жанарларыЖаныма бір құпия сыр жасырды. Сол көздің мөлтең сырын көркем ұғып,Жанымнан бір алапат сел төгіліп;Түлкіге түтін салған секілденіп,Түсті бір жан-дүнием төңкеріліп. Белгісіз батқанымды мұңға сондайЖеткізе аламын ба жырласам да-ай?!....Булығып тұрды

Өксітті мені ерте өмір...

Өксітті мені ерте өмір,Қайран да жүрек – қамкөңіл.Үзіліп түсті абайсызҮлбіреп тұрған ерке гүл. Шерменде-көңіл, шерменде,Шексіз сағымға ергенде;Қауызын ашты ол қайтадан,Қалқам-ау, сені көргенде. Жанардан жасты жасырдым,Жаутаңдай қарап, тосылдым.Қайтадан саған бас иіп,Қайтадан саған бас ұрдым. Ол гүлді ешкім көрмейді,Естімес ешкім «гөй-гөйді».Амал не, жаным, амал не,Өткен күн қайтып келмейді! Дүниенің керең құлағыТас мылқаулығын қылады.Шығарып салып тұрғандаШыңғырып жаным жылады. Көңілім көлдей бұзылды,Көзіме моншақ тізілді.Қайта оралмайтын көктемдейҚар жапты қайтқан ізімді... Он бесінен бір

Страницы