ВЕРНУТЬСЯ

Өксітті мені ерте өмір,Қайран да жүрек – қамкөңіл.Үзіліп түсті абайсызҮлбіреп тұрған ерке гүл. Шерменде-көңіл, шерменде,Шексіз сағымға ергенде;Қауызын ашты ол қайтадан,Қалқам-ау, сені көргенде. Жанардан жасты жасырдым,Жаутаңдай қарап, тосылдым.Қайтадан саған бас иіп,Қайтадан саған бас ұрдым. Ол гүлді ешкім көрмейді,Естімес ешкім «гөй-гөйді».Амал не, жаным, амал не,Өткен күн қайтып келмейді! Дүниенің керең құлағыТас мылқаулығын қылады.Шығарып салып тұрғандаШыңғырып жаным жылады. Көңілім көлдей бұзылды,Көзіме моншақ тізілді.Қайта оралмайтын көктемдейҚар жапты қайтқан ізімді... Он бесінен бір толып ай,Ойларым ойран, о, Құдай!Күлкісі кемшін дүние-ай,Күйігі басым өмір-ай!..1990 жыл, 15 желтоқсан.Алматы.