ВЕРНУТЬСЯ

Қиылып бала жанар көп қарады,Көргеннен көңіл шіркін тоқтамады.Өмірден қол көтеріп кеткен жандыӨзіне тартатындай от жанары. Сазындай аруананың салған боздап,Бір әуен жүрегімді қалған қозғап.Көзінен тұрғандайын от ұшқындап,Көзінен жатқандайын арман қоздап. Қырқылған қос қанаты тырна сындыКөңілім алабұртып, бір басылды.Жалт еткен сол найзағай-жанарларыЖаныма бір құпия сыр жасырды. Сол көздің мөлтең сырын көркем ұғып,Жанымнан бір алапат сел төгіліп;Түлкіге түтін салған секілденіп,Түсті бір жан-дүнием төңкеріліп. Белгісіз батқанымды мұңға сондайЖеткізе аламын ба жырласам да-ай?!....Булығып тұрдым сонда діріл қағып,Бұрқанған сезімімді бір баса алмай...1990 жыл, 29 қыркүйек.Алматы.