ВЕРНУТЬСЯ

Бәйшешек немесе қысқа ғұмыр туралы баллада

Жан-тәніммен далалықпын, ұғынса ел,Жанарым – көл,                        жүрегім – күн,                                            тілім – шөл.Сары медальді, ақ күлтелі бәйшешек –Көз ашқалы көрген тұңғыш гүлім сол. Далам менің!Төскейі – гүл, төсі – жыр,Дала ұлының сырласы – көк, досы – қыр.Еншіге алған еркесіндей өлкемніңБіздің жақта көп өседі осы гүл. Бәйшешек-гүл көп өседі біз жақта,Сырын бүгіп, құлпырады сыз жоқта.Жібітеді көктем нұрын себелеп,Көңілдерді қалған қыстай мұз қаптап. Көгорайлы көктемнің бір кешіндеАлғаш рет гүл сыйлағам, есімде.Пәк сезімнің жаршысындай осы гүлДіріл қаққан ба

Киелі мекен

Сазы: Жалғас Кеңесовтікі.Маңқыстаудай маң өлке –Біздің туған жер болар.Топырағына аунағанТолағай-жүрек ер болар.«Адайдың жеті қайқысы»Шырқап өткен төр болар.Жеті жұрттың жақсысы,Бағасы биік зор болар.            Қайырмасы:Сағынышым – Маңқыстау,Бақ-ырысым – Маңқыстау.Арттағыларға аманат –Абыройыңды алға ұстау. Сүйінқара, ШабайларӘруағы қозған жер.Құлшар, Есір, талайларАбыройы озған жер.Тарихы мен тағдырынТас-кітапқа жазған жер.Қазыналы түбектіХалқым бүгін қазған жер.        Қайырмасы.Ақпа өлеңнің атасыАбыл ақын туған жер.Төкпе жырдың төресіҚашаған белін буған жер.Нұрым, Түмен, СәттіғұлКіндік

Маңқыстау саздары

Қатал өлкемнің қағидасы бар бұлжымайтұғын мәңгілік:Қаншама текті болсаң да,Көтермес сені төбеге ешкім хан қылып.Қылышқа жақын қыршаңқысы көп АдайдыңҚиқулы үні құлағыма келді заманалардан жаңғырып. Ажар-дидары арай шашқанАйменен тауып жарасым,Аруларына теліген Адай тентектеу талай баласын.Ақылыменен ақыныңды да жаңылтарСұлулардың сұлтанын маңғаз Маңқыстауымнан табасың. Аламан дүрмек, алқалы топтың алдындаАқындығыңды Адаймен сынға салдың ба?!Жарыстырғанда сөз киігін сен,Шашасына шаң да жұқтырмасЖез таңдай шешен, желді ауыз ақын бар мұнда. Шерлі тарихы жатқан жоқ әлі жазылып,Шежіресінен келемі

Атамекен

Ұлы аталарың ұрандап өткен ұланғайыр атамекендеАқылға сыймас ақиқаттар даАсқақ арманнан аласа, әлсіз екен де.Қарсақ та жортпас қара жондарға қаптапты бүгін қалалар,Ғарышқа қарай омырауын ашып, ойларға батқан Дала бар. Халқымның жауға қатал пейілі ғой – Далама ғана тән түнгі ызғар,Арулар таққан ақ моншақтардай жылтырар көктен жұлдыздар.Қаһарлы ердің қайқы семсеріндей қайқиып туған Ай-орақҚайсар жанармен қарайды жерге аппақ нұрымен аялап... ...Қара шекпенді тұңғиық Түннің мақпал пердесін көтеріп,Ақ жамбыдай боп Күн шықты, міне, алау арайлы от өріп.Бозторғай көкте ілініп тұрып, сорғалатып бір

Атырау

Атыраудың алабы – әуен тұнған,Әуен шіркін әуелеп, әрең тынған.Қайып зарлап барады, қарашы, әне,Қарақасқа ат... Қаралы ер...

Страницы