ВЕРНУТЬСЯ

Сазы: Жалғас Кеңесовтікі.Маңқыстаудай маң өлке –Біздің туған жер болар.Топырағына аунағанТолағай-жүрек ер болар.«Адайдың жеті қайқысы»Шырқап өткен төр болар.Жеті жұрттың жақсысы,Бағасы биік зор болар.            Қайырмасы:Сағынышым – Маңқыстау,Бақ-ырысым – Маңқыстау.Арттағыларға аманат –Абыройыңды алға ұстау. Сүйінқара, ШабайларӘруағы қозған жер.Құлшар, Есір, талайларАбыройы озған жер.Тарихы мен тағдырынТас-кітапқа жазған жер.Қазыналы түбектіХалқым бүгін қазған жер.        Қайырмасы.Ақпа өлеңнің атасыАбыл ақын туған жер.Төкпе жырдың төресіҚашаған белін буған жер.Нұрым, Түмен, СәттіғұлКіндік қанын жуған жер.Қарсы келген дұшпанынҚаһарымен қуған жер.        Қайырмасы.1989 жыл, 25 қазан.Алматы.