ВЕРНУТЬСЯ

Арал-Атырау азасы

Айдаһар толқын!Ақ жалын шашып, айбар-от,Жігерімді менің жалаң жартасыңа қайрап өт!..Қарт Атырау жалды арыстандай арқырап,Айбат шегеді:«Серігім Арал қайда?» деп. Азалы Атырау Аралын іздеп қайғырып,Ақшаңқан қала көгіне шашын жайды бұлт.Толқыны тулап, тасып жататын,Астау-арнасынан асып жататын АтырауҚалғандай шөгіп, айбын-ажарынан айрылып. Сабын-көбігін сапырған мынау шақ қандай,Алапат күшпен ақ толқындарын аспан астына атқандай.Сабырлы Ақтау қабағын түйіп, түнеріп,Қайғысы батпан, буырқанып жатқанТеңізге көңіл айтқандай. Суалғандай боп даланың сыңар жанары,Қарт Атырау – қасіретті қария, қаралы

Сені іздедім

Сені іздедім –Сайрауық құстардың қанатынан,Саз төккен сырнайлар санатынан.Балауса гүлдердің дірілінен,Барша әлемнің барлық тарапынан. Тебіреніп алады теңіз демін –Толқынымен жасырып жер іздерін.Көк теңізден көзімді алыс тастап,Сені іздегім келеді,Сені іздедім. Мен сені іздедім –Көкірегімнен төгілген лағыл-әндерден,Жарқылдақ, өткір жырлардан жаныма келген.Омырауыма самал толтырып, өзіңді, қалқам,Осынау жұмыр жүрекпен сағына бергем. Өзіңді таппай,Жыр айдынында жүзбейді өлеңім,«Қосылмайтұғын Қозы-Баяндар біздей» дер едім.Күңіреніп жаным, көзімнен моншақтар ыршып,Күлге айналып кеткенше іздей бе

Махаббатым

Сазы: Ғалымжан Сағымбаевтікі. Сағыныш сазы,Гүлімнің назыБолып жас жүрек үн қатты.Жан гүлім менің,Таң гүлім менің,Сағындым сені тым қатты. Арманым, сағанАрнадым тағы ән,Жүректі тербеп бір сазды үн.Ақ махаббатым,Жүректе атың,Өзіңе арнап жыр жаздымСамал жел салқын,Сәулеме жарқынЖеткізші арман-әнімді.Сыңғырлы қыз-үн,Аяулы жүзіңАңсатты ақын жанымды.Күлімдеп күндей,Алқызыл гүлдейҚызғалдағым-ау, кел маған.Шын махаббатты,Осынау аттыСен едің тұңғыш сыйлаған...1986 жыл, 7 сәуір.Сыңғырлау.

Қасіретім... Қуанышым...

Алдыңа тартыпАқиқат атты безбенді,Айтамын бүгінЖанымды жаншып-езгенді.Сұп-сұр боп қатып,Суалып қалғыр бұл жанарКөрді ғой саған қадалған оқты көздерді. Сонда да сеніСорлатып кете ал-мадым мен,Қасірет жасынҚатар ағызып қаныңмен;Қазығым болып,Қасыңда қалдыра білдің,Арқандап ұстап,Адал қайғыңмен, арыңмен! Қасыңда мәңгі қарлығашыңдайҚалықтаймын мен қанатым қашан талғанша,Жанарларыңның жасыны болып,Жана да берем жалыным сөніп қалғанша.Жанымды менің қинама, қалқам,                                                    кете алман –«Жастық шағыңды қор қылдым мен» деп,«Жалыныңды ерте сөндірдім мен» деп,

Шаттық

Табыстық қайта!Тағдырым неткен тамаша!Асқақпын бүгін – Асқар таулар да аласа.Көкірегімдегі көрінбейтұғын күшпененКөк аспанды да көтеріп кетем, қаласа. Табыстық бүгін –Тарыққан күндер қалды енді,Тәкаппар таулар,Алдыма таста ақша қар атты сәлдеңді.Кеудеме келген керемет сырлы сезімменКөтеріп кетем барша дүниені, бар жерді!Көтеріп кетем көгілдір мынау әлемді!1987 жыл, маусым.Сыңғырлау.

Страницы