ВЕРНУТЬСЯ

Айдаһар толқын!Ақ жалын шашып, айбар-от,Жігерімді менің жалаң жартасыңа қайрап өт!..Қарт Атырау жалды арыстандай арқырап,Айбат шегеді:«Серігім Арал қайда?» деп. Азалы Атырау Аралын іздеп қайғырып,Ақшаңқан қала көгіне шашын жайды бұлт.Толқыны тулап, тасып жататын,Астау-арнасынан асып жататын АтырауҚалғандай шөгіп, айбын-ажарынан айрылып. Сабын-көбігін сапырған мынау шақ қандай,Алапат күшпен ақ толқындарын аспан астына атқандай.Сабырлы Ақтау қабағын түйіп, түнеріп,Қайғысы батпан, буырқанып жатқанТеңізге көңіл айтқандай. Суалғандай боп даланың сыңар жанары,Қарт Атырау – қасіретті қария, қаралы.Көк айран-дария көбігін шашып долданса,Шаңырақ-көкте шағала безек қағады. Жүректің төрін мекендеп мынау қарт әні,Әр кеуделерде арайлап атты Ар таңы.Адайдың намыс қайрағы болған,Атамекеннің айбары болған АтырауАқырғы үмітін адамзатқа ғана артады...1987 жыл.Сыңғырлау.