ВЕРНУТЬСЯ

Ой

Бұған ешкім таласпайды,Қағида бұл ұғарлық:Махаббатқа жараспайдыЖалғыздық пен сыңарлық. Өмір қайта берілмеген,Жастық орға жығар көп.Махаббаттың көгінде менҚалмағаймын сыңар боп.1987 жыл, 23 маусым. Сыңғырлау.

Тереземнен енген кезде көк аспан...

Тереземнен енген кезде көк аспан,Көңіл шіркін көк аспанмен таласқан.Көк аспаннан көрем тұнық көзіңдіАқ жүзіңе ай секілді жарасқан. Ғашық жаны қайдан табар миятты?!Көкіректен сазы бөлек күй ақты.Көл-көсір боп, көз жетпейтін көкжиек – Саған деген сағынышым сияқты. Қара жерге жауған аппақ қар қандай,Аппақ неткен, аппақ неткен армандай!Ақша қарды «адалдығың»  деп білем,(Адал адам білмейді ғой жанды алдай). Құзар шыңға құс боп ұшар өлеңім,Сен ғой, қалқам, өлеңім де, сенерім.Сондықтан да табиғаттан тек қанаМен өзіңді, тек өзіңді көремін...1988 жыл, 6 желтоқсан.Бейнеу.

Ару-бейне

Сазы: Ғалымжан Сағымбаевтікі. Бидай өңді келген аппақ, ай жүзің,Әп-әдемі гүл-ерінің, иегің.Тең келеді саған сұлу қай қызың?!Нұр-көркіңе басымды мен иемін. Күлген кезде төгіледі күміс үн,Маржан тістер жарқ етеді сол бір сәт.Менің қызыл қызғалдағым, тынысымКөрінесің маған ылғи сен құсап. Әлдебір сыр тұнған қара көзіңе,Ыстық маған сол қарақат жанарың.Сен сөйлесең, құлақ салып сөзіңе,Ләззат алып, бойым балқып қаламын. Сені көрсем, бұлттан шыққан күндей боп,Ұмытылар көңілдегі кірбіңім.Бірақ әркез сезімімді күргейлеп,Тырысамын сездірмеуге сыр-мұңым. Ғашық етіп, жүрегімді жандырдың,Есімді алды сен

Қызғаныш

Сүйемін сені, жарығым,Жүректе барлық отпенен.Күзеткен көңіл қорығынҚызғаншақтықты жек көрем. Жек көрем ондай мінезді,Қызғаныш деген не керек?!....Қызық-ау енді бұл өзі:Қызғанам сені керемет.1988 жыл, 7 желтоқсан.Бейнеу.

Сағыныш

 Жастықты жасқа малған түндер өтті,Шаттығым өзіңменен бірге кетті.Көңілдің көкжиегін бір уыс қып,Бұл тағдыр бұла жанды діңкелетті. Салады саған арнап жүрек әнін,Есімде есеңгіреп құлағаным.Мейлі, мен құласам да, жыласам да,Әйтеуір саған, қалқам, ұнамадым. Күй қажап, күңіренген күндер өтті,Сонда да бұза алмадым бір бөгетті.Суыған сезіміңе шоқ боп түсерДүниеге өрттей өткір жыр керек-ті. Алаң қып ауырлау бір мәні бар мұң,Ернімде бал шақтардың дәмі қалды.Жүректің түкпірінде сен жатарсың,Мейлі, мен зарығармын, тарығармын. Тамырдың лыпылына дарып әнім,Жүректің тереңінен табыламын.Арманның аясында

Страницы