ВЕРНУТЬСЯ

Сазы: Ғалымжан Сағымбаевтікі. Бидай өңді келген аппақ, ай жүзің,Әп-әдемі гүл-ерінің, иегің.Тең келеді саған сұлу қай қызың?!Нұр-көркіңе басымды мен иемін. Күлген кезде төгіледі күміс үн,Маржан тістер жарқ етеді сол бір сәт.Менің қызыл қызғалдағым, тынысымКөрінесің маған ылғи сен құсап. Әлдебір сыр тұнған қара көзіңе,Ыстық маған сол қарақат жанарың.Сен сөйлесең, құлақ салып сөзіңе,Ләззат алып, бойым балқып қаламын. Сені көрсем, бұлттан шыққан күндей боп,Ұмытылар көңілдегі кірбіңім.Бірақ әркез сезімімді күргейлеп,Тырысамын сездірмеуге сыр-мұңым. Ғашық етіп, жүрегімді жандырдың,Есімді алды сенің көркем келбетің.Бір беймәлім, жұмбақ халде қалдырдың,Сенсіз басып жүре алмаймын жер бетін. Аласұрам бір күн сені көрмесем,Көңіліме сезім гүлін ектің сен.Жаным, келші,Келіп тұршы мен десең,Мені өзіңнің ынтызарың деп білсең...                               1986 жыл, 21 қараша.Сыңғырлау.