ВЕРНУТЬСЯ

Өзіңсің...

Сазы: Тұрар Сыздықовтікі. Жалындап сүйем сені,Арманым сен еңселі.Өзіңсің – ән арнасы,Өзіңсің – күй өлшемі. Өзің деп тарайды әнім,Тек өзің – бар ойларым.Өзіңсің – қуанышым,Өзіңсің – арай-бағым. Азаптың жеңдік түнін,Жүрегім сендік бүгін.Өзіңсің – жауқазыным,Өзіңсің – еңлікгүлім. Сырларым – сақтағанымӨзіңе ақтарамын.Өзіңсің – аққу құсым,Өзіңсің – ақ маралым. Армансыз жандай бүгінӨзің деп самғайды үнім.Сен екен бар қазынам,Сен екен бар байлығым!                   1989 жыл, сәуір.Сыңғырлау.

Мен сені сүйдім...

Мен сені сүйдім –Сағынышым сағымға айналып,Көкірегімдегі бір жапырақ етЖасыл шоқ шашып, жалындай жанып.Өрттей лаулаған өз сезімдерімӨз еркіме бір бағынбай қалып. Мен сені сүйдім –Жігітке біткен жігерлі жанмен,Өзекті өрт боп шарпыды-дағы,Кеудеме келіп, тірелді бар дем.Өлең тербеткен сел-сезімімдіӨз еркіне бір жібердім әлден. Мен сені сүйдім –Көркіңе бірден көңілім құлап,Өзің бір маған демеушім болшы,Өтпесін десең өмірім жылап.Әдемілікке бас иген жанғаӘмір ете алмас Тәңірің бірақ. Мен сені сүйдім –Ақыл-ойыңа арбалып жаным,Көргелі сені көңілім – жүдеу,Тілегім – жалғыз, арманым – жарым.Мен сені

Күйреу

 Кеудемде менің басталдыБітіспейтұғын бір сезімдердің бүлігі,Ақ арманымның аспанға ұшты сынығы.Көкірегімді тепкілеп аққан тентектеу бұла бұлақтарҚұяр сай таппай, құмдарға сіңіп, құрыды. Көзімнен зәһар-жас тамды,Түпсіз түнектің мұнар-көзінен мұң көрдім,Түбінде осылай боларын, сірә, білгенмін.Жан-жүрегімдегі жасын ойнатқан найзағайлардың жарқылыҚылыштап жатты қақпасын қапас-түндердің. Құлатшы қара тастарды,Құзар-шыңдарды қопарып бір сәт, Сезімім,Естіртпей жатсын өз даусымды өз үнім.Жан-айқайларым жартасқа соғып, жағы сынып бір қирасынТемірден берік төзімім. Жылатшы безбет аспанды,О, Сезімдері

Қош, қалқа!

«Қош, махаббат!..»(Мұқағали Мақатаев) Мен күнәһармын – арыңды аяққа таптадым,«Қалағанымды алам» деп, қасиеттімнен аттадым.Аңдамай сеніп, абайсыз мен тұрақсызға телінгенСенің де, қалқам, жоқ бағың. Тұрды ғой күтіп деймісің алдыңнан арай-бақ сені,Сенде де, менде болашақ өмірге енді жоқ сенім.Осынша қайғы әкелген, осынша қылмыс көтергенОл туған күннің одан да өтпей қойғаны жақсы еді. Сен кімге енді керексің, мен кімге енді керекпін?!Жартасқа соғып қирады, тау-тасқа соғып өр екпін.Жоқ еттім бәрін керектің, қолымда барды қор еттім,Бір түнде бәрін жоқ еттім. Мен құрттым бәрін, құрттым мен, құрдым

Ертеңгі күні...

Сорлының өтіп еді сөзі кімге,Азаптың ауырлығы – сезінуде.Қабарған қайғы-мұң тұр қабағымда,Қасіретті күлкі тұр езуімде. Басымнан бақытсыз хал өткеремін,Өртеніп, күлге айналды отты өлеңім.Мен саған не айтайын, мекер тірлік –Бір сәтте сүйіп тұрып, жек көремін. Жалқы мұң... жабырқау хал... жанды ұрлаған,Басымды кезім бар ма жарға ұрмаған?!Қайтейін, иіле алман саған, қалқам,Тәкаппар жүрек берді тағдыр маған. Тәкаппар көңіл берді тағдыр маған,Басымды кезім бар ма жарға ұрмаған?!Алаң боп оянамын әр таң сайын,Сыйлардай бір қуаныш әр күн маған. Мен сені ұнатамын...Бірақ...

Страницы