ВЕРНУТЬСЯ

Мен сені сүйдім –Сағынышым сағымға айналып,Көкірегімдегі бір жапырақ етЖасыл шоқ шашып, жалындай жанып.Өрттей лаулаған өз сезімдерімӨз еркіме бір бағынбай қалып. Мен сені сүйдім –Жігітке біткен жігерлі жанмен,Өзекті өрт боп шарпыды-дағы,Кеудеме келіп, тірелді бар дем.Өлең тербеткен сел-сезімімдіӨз еркіне бір жібердім әлден. Мен сені сүйдім –Көркіңе бірден көңілім құлап,Өзің бір маған демеушім болшы,Өтпесін десең өмірім жылап.Әдемілікке бас иген жанғаӘмір ете алмас Тәңірің бірақ. Мен сені сүйдім –Ақыл-ойыңа арбалып жаным,Көргелі сені көңілім – жүдеу,Тілегім – жалғыз, арманым – жарым.Мен сені сүйдім адайлық қанмен,Алаулап бойда ақ жалындарым. Мен сені сүйдім –Сүйе алмас сені мендей ешкім де,Тарыла берді жазира-жаным –Тағдыр тартуын көрмей өстім бе?!Бейуақта келіп, берекетімді алып,Кезіккен сыйдан кенде емеспін де...1990 жыл, 21 наурыз. Алматы.