ВЕРНУТЬСЯ

Сазы: Тұрар Сыздықовтікі. Жалындап сүйем сені,Арманым сен еңселі.Өзіңсің – ән арнасы,Өзіңсің – күй өлшемі. Өзің деп тарайды әнім,Тек өзің – бар ойларым.Өзіңсің – қуанышым,Өзіңсің – арай-бағым. Азаптың жеңдік түнін,Жүрегім сендік бүгін.Өзіңсің – жауқазыным,Өзіңсің – еңлікгүлім. Сырларым – сақтағанымӨзіңе ақтарамын.Өзіңсің – аққу құсым,Өзіңсің – ақ маралым. Армансыз жандай бүгінӨзің деп самғайды үнім.Сен екен бар қазынам,Сен екен бар байлығым!                   1989 жыл, сәуір.Сыңғырлау.