ВЕРНУТЬСЯ

Махаббат

«Адаммын» деп кім білсе өзін,Ақылыменен саралап;Махаббат деген гүл-сезімОянбағаны жаман-ақ. Біреулер қанған мейірі,Біреулер жүрген қаталап;Опынып қалған кейбірі,Ол – ұлы майдан Махаббат. Біреулер кетер қарға боп,Біреуді сомдар сұңқар ғып;Жүрегіңдегі ол-дағы от –Біреуге деген Іңкәрлік. Біреуді сүйсең (ол – олжаң),Жүрегіңді бер от орап.Әрдайым таза болу заңАдамға деген Махаббат. Жүректің кілті – үн-тілсіз,Қадірін біліп, күтіп аш.Әрдайым болсын кіршіксізАдамға деген Ықылас. Демеймін: «Сезім боладыЖаныңды әлдилеп, ұйытпаған».Махаббат қозғау саладыБар жүректерге ұйықтаған. Ғашықтың тілі – жыр-се

Жансерік

(Нүкенова Құралай апайға) Тұратын биік тұғыры,Жан-бесігіңде тербелер;Болады екен – ғұмырыҰмытылмайтын бейнелер. Астаң да-кестең ғасырда,Өзгеріп жатқан бір күндеОларды, сірә, расындаҰмыта қою мүмкін бе?! Сенімен бірге тілегі,Мекені – көңіл төрінен.Жүрегіңде әркез жүреді,Сырласып мәңгі сенімен. Жылытар жанды тақ тұлға,Кеудеңе егіп мол сенім.Айналсаң жалғыз аққуға,Айдының болар ол сенің. Тұрлаусыз дүние-жалғандаТөбеңе тұнжыр төнсе күн;Жапанда жалғыз қалғанда,Жаныңнан кетпес ол сенің. Шыңдарың құлап марқасқа,Қол үзіп дүниеден қоршаған;Айналсаң жалғыз жартасқа,Асқар тау болар ол саған. Қара орма

Қазақы өлең

Табиғаттың өзіндей таза, тереңДариға-ай,«Жазсам, - деп ем, - қазақы өлең».Дариға-ай,«Жазсам, - деп, - ем қазақы өлең» –Ала арқан, ақ кісеннен азат өлең. Білмеймін – жазбадым ба, жаза алдым ба,Ғажайып табиғаты ғазалдың да.Уа, Тәңір!Қайсарлығын бер халқымның,Қаймықпай, қақсап кетер қаза алдында. Жүрегін жамиғаттың жұлып алғанАртында ақындардың жыры қалған.Дариға-ай,Жазсам екен бір мықты өлең –Дауылдан дара емендей тірі қалған. Халқыммен бір еді ғой жаным әлі,Қаншама қинай беріп неғылады –Қайтара берді-ау қайран талабымдыШалдардың шамырқанған әруағы. Бағалап, ұға алдым ба бай өрнегін,Барымды қ

Адам табиғаты

 Көңілі көкте көп пенделер ұқпайды:Жас жігері жалын атып көзінде,Күліп-ойнап асыр салар кезіндеКүндей көркем, көлдей тұнық сезімгеТебіреніп, терең бойламағандардан,Бала болып ойнамағандардан –Ешқашанда шын Үлкендік шықпайды! Ұлыларға бұдан ауыр жоқ қайғы:Халық болып ортақ қайғы жескенде,Қарлы қабақ қату күндер кешкенде,Көкірегін елдің зары кескендеАрам ойдан арылмағандардан,Жаны сыздап сағынбағандардан –Ешқашанда нағыз Адам шықпайды! Шын таланттар жырдың туын жықпайды.Қабырғалы дарын құлап қара емен,Қара шашын жайған кезде қара өлең,Көштің күйі бұзылғанда көнеден;Қара басын қамдағандардан,Б

Ашық айту

Ей, дүние!Құлақ түріп, мүлгіп қал!Бұл жалғанда мөрдей анық шындық бар:Шыңыраудан шыңға шыға алмайдыШыбын жанды шырқыратқан шындықтар. Шындық шіркін шырқап еді қашаннан?!Барлық «бақыт» тек байлықтан жасалған.Көңілімде көмбе болған көп сырдыМен де ешкімге адал санап, аша алман. Көсемсініп, көз алдайды кіл «мықты»,Көр қара түн көрсетпейді түндікті.Көре-көре, көрден де селт етпейтінКөнбіс көңіл көп қинады шындықты. Өзіне аян жанардан жас кеппесі,Ертеңіне елінің көз жетпесі;Тәтті үмітін жебемеген ТәңіргеТалайлардың таудай үлкен өкпесі. Кім ұғады күлге айналған жүректі?!Әмір түгіл, Тәңір бермес т

Страницы