ВЕРНУТЬСЯ

«Адаммын» деп кім білсе өзін,Ақылыменен саралап;Махаббат деген гүл-сезімОянбағаны жаман-ақ. Біреулер қанған мейірі,Біреулер жүрген қаталап;Опынып қалған кейбірі,Ол – ұлы майдан Махаббат. Біреулер кетер қарға боп,Біреуді сомдар сұңқар ғып;Жүрегіңдегі ол-дағы от –Біреуге деген Іңкәрлік. Біреуді сүйсең (ол – олжаң),Жүрегіңді бер от орап.Әрдайым таза болу заңАдамға деген Махаббат. Жүректің кілті – үн-тілсіз,Қадірін біліп, күтіп аш.Әрдайым болсын кіршіксізАдамға деген Ықылас. Демеймін: «Сезім боладыЖаныңды әлдилеп, ұйытпаған».Махаббат қозғау саладыБар жүректерге ұйықтаған. Ғашықтың тілі – жыр-семсер,Қара тасты да ерітті.Өмірдің өзі, білсең сен,Махаббаттармен көрікті. Ғашықтың жаны – гүл, сенсең,Ғашықтың көңілі – қаяулы.Өмірдің өзі, білсең сен,Махаббаттармен аяулы. Тірліктің тіні, тірегі,Тамырлар, қандар торабы;Жұмыр Жердің де жүрегіМахаббаттармен соғады. «Отан» деп жүрек соғады,«Отан» деп таңдар атады ақ.Бәрінен тұрсын жоғарыОтанға деген Махаббат. Жалыны – бейне Күн қызған,Жамалы – жарқын жұлдыздан,Құрыштай берік шын ДостықАқ Махаббатты туғызған. Жатыр Жер, міне, жазылып,Бейбіт күнменен тыныстап...Махаббат деген – қазық, ұқ,Әлемді күллі тұр ұстап!1987 жыл, 2 маусым. Сыңғырлау.