ВЕРНУТЬСЯ

(Нүкенова Құралай апайға) Тұратын биік тұғыры,Жан-бесігіңде тербелер;Болады екен – ғұмырыҰмытылмайтын бейнелер. Астаң да-кестең ғасырда,Өзгеріп жатқан бір күндеОларды, сірә, расындаҰмыта қою мүмкін бе?! Сенімен бірге тілегі,Мекені – көңіл төрінен.Жүрегіңде әркез жүреді,Сырласып мәңгі сенімен. Жылытар жанды тақ тұлға,Кеудеңе егіп мол сенім.Айналсаң жалғыз аққуға,Айдының болар ол сенің. Тұрлаусыз дүние-жалғандаТөбеңе тұнжыр төнсе күн;Жапанда жалғыз қалғанда,Жаныңнан кетпес ол сенің. Шыңдарың құлап марқасқа,Қол үзіп дүниеден қоршаған;Айналсаң жалғыз жартасқа,Асқар тау болар ол саған. Қара орманыңды қайғы алса,Күлкілі күндер күрт солып;Суалған көлге айналсаң,Сусының болар бұлт болып. Жақсылығыңды жұтатпа,Адалдық – жалғыз өлшемің.Айналсаң жетім бұтаққа,Жапырағың болар ол сенің. Атағы мәлім атырапқаКеруені көшкен қанша адам?!Айналсаң бір күн топыраққа,Ақ күмбез болар ол саған...1989 жыл, 20 маусым.Сыңғырлау.