ВЕРНУТЬСЯ

 Көңілі көкте көп пенделер ұқпайды:Жас жігері жалын атып көзінде,Күліп-ойнап асыр салар кезіндеКүндей көркем, көлдей тұнық сезімгеТебіреніп, терең бойламағандардан,Бала болып ойнамағандардан –Ешқашанда шын Үлкендік шықпайды! Ұлыларға бұдан ауыр жоқ қайғы:Халық болып ортақ қайғы жескенде,Қарлы қабақ қату күндер кешкенде,Көкірегін елдің зары кескендеАрам ойдан арылмағандардан,Жаны сыздап сағынбағандардан –Ешқашанда нағыз Адам шықпайды! Шын таланттар жырдың туын жықпайды.Қабырғалы дарын құлап қара емен,Қара шашын жайған кезде қара өлең,Көштің күйі бұзылғанда көнеден;Қара басын қамдағандардан,Батылдыққа бармағандардан –Ешқашанда нағыз Дарын шықпайды! Тірі адамға бұдан асқан жоқ қайғы:Қабырғасы қайысқанда халқының,Қамдап жанның тыныштығы артығын,Күткен тағы тағдырының тартуын;Ұлы мұңды үлеспегендерден,Күнгей келешек үшін күреспегендерден –Ешқашанда шын Азамат шықпайды!1989 жыл, 1 тамыз.Алматы.