ВЕРНУТЬСЯ

Мұнар күн

«..Арғымаққа оқ тидіҚыл майқанның түбінен.Аймадетке оқ тидіОтыз екі омыртқаның буынынан.Зырлап аққан қара қанТыйылмайды жонның уақ тамырдан....Сақ етер тиді саныма,Сақсырым толды қаныма,Жара бір қатты, жан тәтті,Жара аузына қан қатты.

2012 жыл, қаңтар немесе Таңсәрі

«Қаңтардың шілдесі» күйіп тұр,Кеудеде запыран күйік тұр.Қан жұтқан қараша қамығып,Ызасын ішіне жиып тұр. Биліктің ойында – бүлік тұр,Мысқылдап, мұртынан күліп тұр.Амалы таусылған, шарасызАзамат ерлерім сұлық тұр. Қылт етсе, қанатын қиып тұр,Үстіне жаласын үйіп тұр.Мойнында – қарғысы халықтың,Қойнына қорғасын тығып тұр. Арсыздар аяғын сүйіп тұр,Бұқара ұйқыда, бұйық тұр.Еркіндік аңсаған ерлергеАбақты ауылы тиіп тұр.Суайттың сөзіне ел ұйып тұр,Бура-бұлт бұршағын құйып тұр.Құдыққа құлаған құлан-жұртҚұлдықтың қамытын киіп тұр. Ұлтымның рухы сынып тұр,Жұртымның шашын жел жұлып тұр.Қандықол жендет

Ұлы бабалар рухына

(Маңқыстау ауданының Қаратөбе жерінде Шотан батыр, Абыл ақын,Досан батыр бабаларға берілген ұлы астың үстінде туған ойұшқындары) Ақ сауыттан аңыраған оқ өте ме,Қолдағысын қормалы ел қор ете ме?!Үш шал үшін үрметін көрсетсе елім,Үш жүз алпыс әулие тар ете ме?!Үнсіз ғана шаттанып жатты шалдарҮмбеттері бас қосқан берекеге.«Дақпырт-даңқын асырды-ау» демес еді,Дара-дара ас берсе әр әкеге.Бірақ халық бірлігін дәлелдедіБіріктіріп өткізген мерекеде.Арыстарға мәңгілік мекен болғанҚасиетіңнен айналдым, Қаратөбе!           *          *          *«..Ай шаншып, төбесіне ту

Сарғұл сейіс

Қазақтың қасиетті қара шалы,Даланың сырын ұққан дана шалы.Мысымен мықтыларды ықтыратын,Сұсымен асқақтатып аласаны. Жақсының қасиетіне шек келмейді,Жайсаңдар жаман сөзін кек көрмейді.«Баласы Қаратеке Сарғұл сейісБасынан сөз асырмай өткен» дейді. Атадан артық туған өктем ер-ді,Айбыны әруақты еткен елді.Атақты Самалық би аға тұтып,Алдынан кесіп оның өтпеген-ді. Даңғылым, дара туған данышпаным,Ақылмен тізерлеткен алысқанын.Шоқтығы биік туған Шолтамандар«Аға» деп, артына ерген арыстаным.Алмастай бір кесетін жаңқаламай,Алыптай тілдесетін тау-толағай;Тентектеу мінезі бар текті шалдыСыйлаған Жары т

«Табыл өлді» дегенше...

(Табылды Досымовтың қазасына) «Табыл өлді» дегенше, «дарын өлді» десеңші,«Асқар тауың құлады, алып өлді» десеңші.«Сабалы көл сарқылып, сарқырама тартылып,Сағым басты сарыуайым сары белді» десеңші.«Қазанатын сақтамай, қан құсатын қазаққаТажал өлім құрығы тағы келді» десеңші.«Бұ дүниеде ешкімге бастырмаған кеудесінӘзірейілдің ұлыңа әлі келді» десеңші. Көзін жоқтап арланның, сөзін жоқтап тарланның,Кезін жоқтап жалғанның, өзін жоқтап арманның;Өлтіріп ап, артынан жылайтұғын өкініп,Қазағыңның тағы да қапияда қалған күн. Өлім ғана – өкініш.Несі кетсін тірінің?!Арманыңды жалғайды Абылдайын бір ұлың

Страницы