ВЕРНУТЬСЯ

«..Арғымаққа оқ тидіҚыл майқанның түбінен.Аймадетке оқ тидіОтыз екі омыртқаның буынынан.Зырлап аққан қара қанТыйылмайды жонның уақ тамырдан....Сақ етер тиді саныма,Сақсырым толды қаныма,Жара бір қатты, жан тәтті,Жара аузына қан қатты. Жарықшылар жоқ па екен,Жармай білте саларға?!Жағдайсыз жаман қалып барамын,Жанымда бір туғанның жоғынан..»                                         (Доспамбет жырау)Бұл неткен күн, неткен күн?!Бұзылып, шырқым кеткен күн.Бұлағайдың күні бұрқырап,Бұлт құрсаған көктен күн.Бұғалық салып, бұлқынтып,Бұздай әскер жеткен күн.Бозторғайы даланыңБұл-бұл ұшып кеткен күн. Басымыздан бақ тепкен күн,Бассыз билік өктем күн.Бас имейтін ерлердіБасыбайлы еткен күн.Азаматтарды отқа айдап,Ажал оғын сепкен күн.Атаңа нәлет азғындарАрбаға азбан жеккен күн.Қынадай қырып кінәсіз,Қырандар қыршын кеткен күн.Сұрапыл сәтке тап келіп,Сұраусыз ерлер шөккен күн.Еркіндіктің басынанЕтікпенен тепкен күн.Жағымпаз кілең шалдарымЖамағатты сөккен күн.Жапалақша жалбаңдап,Жау жағына өткен күн.«Қарақшы» деп қаралап,Халыққа қаһар төккен күн.Қайран, мынау МаңғыстауҚайғыдан белі бүгіліп,Қарадан, ханнан түңіліп,Қап-қара боп кеткен күн.Солай да-солай соры қайнап,Сұмдықтың басы жеткен күн.Барлығын бір күнде ұқтырдыБасымыздан өткен күн.Қандастарыма қаратаАтылған арсыз оқ көрдім.Айдаһар сынды араныАузынан шашқан шоқ көрдім.Жер бауырлатқан жұртымдыЖендетті иттен жек көрдім.Қанішерлердің ісінеҚарайып қаным, кектендім.Талайды бастан өткердім,Талайға жақтас боп келдім.«Өз халқына өкіметОқ атпайды» деп келдім.Қырық жылға жетпес ғұмырдаҚиналып, талай от көрдім.Бірақ та мұндай сұмдықтыБілсеңдер, бірінші рет көрдім.Бұл не деген масқара!Бұл не деген аспара!Қайда қарап отыр бұлҚалғымайтын Астана?!Кімге құлақ саладыКіл нән дөкей, бас қала?!Ақиқатты жалаңашАсып тастап аспаға;Арсыз билік ақырарАң секілді, жасқа да.Кімге зарын айтадыҚызыл қарын жас бала?!Ойнамайды озалданТоқ баламен аш бала.Қырылды ғой бейбіт ел,Қыран-қала, жас қала.Қан сасыған қаладанҚашты кие, қашты ана.Жаны күйген жұрт көрдімЖан қиған жер жастана.Ару көрдім ашынған,Атқан оқ қып тасты ала.Қару көрдім кезенгенҚарияға, жасқа да.Жауқазындай жастарымЖаны кірлеп, ластана;Жасқа малшып жанарын,Жаутаңдаған жасқана.Қып-қызыл боп ұяттанҚына біткен тасқа да;Өрімталым өртендіӨркен жайып бастала.Өз балаңа жем болдыӨзгеге емес, басқаға.Қарғыс атқан күн болдыҚасіреті көп басқа да.Бұрынғысы аз болдыҚазақ деген қасқаға!Ай, мынау бір арсыз күн,Аруақ атқан жалсыз күн.Аспанды ала бұлт торлап,Арайлап атқан таңсыз күн.Қайғыны басқа шұлғанған,Қара боран, қарсыз күн.Қарсы тұра алмай, қансырап,Қайратым қайтқан әлсіз күн.Қасыңдағыға сенім жоқ,Қарғыс атқан халсіз күн.Қазақты қапы соқтырғанҚасиетсіз, қансыз күн.Жалыны жоқ, жалты жоқ,Жарығы жоқ, жансыз күн.Жауырынымнан оқ тиіп,Жабыны құшып, жал сүздім.Қара қойы өлсе қайғырарҚазағым бүгін қамсыз күн.Қара қой құрлы құн жоқ па,Қаһармандарда, қансыз күн?!Қан төгілген алаңныңҚасіретін әлсіздің;Қайтарар ма есесінҚайталап келер сансыз күн?!Қаранардай ерлерімҚаршығасын ілген күн.Қара үлектей шабынып,Қайраты тасып, бүлген күн.Қайтейін, бағы теріс кеп,Қасірет бұлты төнген күн.Қара жерге жаныштап,Қатыгез жау күлген күн.Қандықолдар құтырып,Қаншық етек түрген күн.Қара ниет жауыздарҚанден болып үрген күн.Қара беті көн болып,Қаздаң басып жүрген күн.Қарай алмай халқына,Қара жерге кірген күн.Кімдердің кім екенінБір-ақ күнде білген күн.Сын болды бұл батылға,Мін болды бұл батырға.Ақиқатты айту даОңай емес ақынға.Жаңаөзенім жаншылдыЖатқа емес, жақынға.Аманат қып АлланыңБерген жанын ақырдаАдам қию – айуандық,Жоқ оған еш хақың да!Өз қазағың өзіңдіТаптап, басып тақымға;Шалып жатыр аяқтанШақырған боп ақылға:«Қанқор жендет қанжарынҚайрап алып, мақұл ма,Тамағыңа тақасын –Тырп етпе, - деп, - бақырма»...Бұдан өткен сатқындықБола ма екен жақында?!Ой, дүние-ай, өзегім,Өрт болып сен лапылда!Қолдан келер қайран жоқ,Қор болдың-ау пақырға......Боздауым да бекер-ау,Қозғауым да бекер-ау.Жә-жә, жарар, жасыма,Бұл күндер де өтер-ау.Армандаған азат күнАлтын таң боп жетер-ау.Сонда мына сорлы елдіңБолар зары жеке дау.Басын баққан талайларБатыр болып кетер-ау.Көрерсің де тұрарсың,Күн де өзгерер, көкем-ау!Бақ пен сордың арасыҚас пен көздей екі елі-ау.Әлмисақтан дүниеніңЗаңы осы екен-ау... Күлкі болып қасыңа,Күн туып тұр басыңа.Жақсы күндер туады,Жаңаөзенім, жасыма!Мұңың әлі сейілер,Мұнар бұлтың ашыла.Тағзым етер талайлар,Тарих жазып асыға.«Қасиетті» деп бас иерҚасіретті тасыңа.Дала біткен жырлайдыДаңқыңды әлі асыра.Бала біткен жаттайдыЕсіміңді бас ұра.Қаһарманым, берік бол,Қайрала бер, ашыла!Күнің әлі туады,Күн сөнгенше жасыма!Ар алдында – тазасың,Дар алдында – дарасың.Тарихыңды сен әліТамған қанмен жазасың.Талтаңдаған талайдыңТәңір табар қазасын.Алшаңдаған арсыздыңАлла берер жазасын!Жалмаңдаған жендеттерЖан-жағына қарасын.Азат ұрпақ, алғы күн,Тудырады данасын.Орны-орнына қоядыОсы күннің таласын.Қазағымның жадындаҚаһарман боп қаласың.Бұла ұрпақ бередіБұл күндердің бағасын.Жасты бекер төккізбей,Жатқа басты тепкізбей;Бұл күндерді ҚұдайымТезірек тек өткізгей!Тегін сыйын бермейдіТектілерге тек біздей.Күн жаманы кетеді,Діл жаманын кеткізгей!Жүректерге ЖасағанЖүйелі ой еккізгей!Мейірім мен шапағатМелдектетіп төккізгей!Иман гүлін, иншалла,Ислам нұрын сепкізгей!Құдіреті күшті кең АллаСол күндерге жеткізгей!Әумин!!!2011 жыл, 24 желтоқсан.Ақтау қаласы.