ВЕРНУТЬСЯ

(Маңқыстау ауданының Қаратөбе жерінде Шотан батыр, Абыл ақын,Досан батыр бабаларға берілген ұлы астың үстінде туған ойұшқындары) Ақ сауыттан аңыраған оқ өте ме,Қолдағысын қормалы ел қор ете ме?!Үш шал үшін үрметін көрсетсе елім,Үш жүз алпыс әулие тар ете ме?!Үнсіз ғана шаттанып жатты шалдарҮмбеттері бас қосқан берекеге.«Дақпырт-даңқын асырды-ау» демес еді,Дара-дара ас берсе әр әкеге.Бірақ халық бірлігін дәлелдедіБіріктіріп өткізген мерекеде.Арыстарға мәңгілік мекен болғанҚасиетіңнен айналдым, Қаратөбе!           *          *          *«..Ай шаншып, төбесіне ту қадаған,Мен көрем меңіреу шаһар қу даладан.Тезірек Алматыма қайтам сосын,Сағынтып шулы нөпір, дулы аламан».                                              (Есенғали Раушанов) Маңқыстау – майлы қиян, кең түбегім,Сен десе, семсер-жырмен серпілемін.Намысын таптатпаған нар ұлдарың,Найзамен түртіп ашып ел түнегін. Маңқыстау,Шежірелі шерлерің көп,Таңбалы, тарих тұнған жерлерің көп.Еліне екіталай күн туғандаТолқытып ту ұстаған ерлерің көп. «Ар туын асқақ ұстап, бермегін!» деп,«Құлашты құзар-шыңға сермегін!» деп;Шетінен шейіт болған сол ерлердіңЕсімін жаңғырту да – елге міндет.Жарты әлем сыйып кеткен жаһан-дала,Ең басты ерге қымбат – Отан ғана.Баһадүр батырлардың басы болғанШоқыдай шоң тұлғалы Шотан баба. Айбар мен әруақ бар атында мың,Басын бір имей өткен батырларың.Сарқылмай, сайрап өткен сан додадаАз емес айтқыш, тақтақ ақындарың. Сайын-төс, салқар-омырау сағым-дала,Тудырған талай дүлдүл шағыл-дала.Алдына қара салмас аршыланым –Ақпа жыр, айыр көмей Абыл баба. Ұлына жаз-құшағын жайса дөңдер,Мамық боп аялаған майса белдер.Қайталап туа берген кең төсіңдеҚаймықпай, қамал бұзған қайсар ерлер.Опасыз, оқтан бұғар осал ғана,Атыңды жырға ұрпақ қосар, баба.Азаттық аңсап өткен батырлардыңАқырғы ту ұстары – Досан баба. Жиылып жас пен кәрі, ұл-қызың да,Ас өтті арлылықты туғызуға:Мамырдың мамыражай қақ ортасы –Он бес пен он алтыншы жұлдызында. Басында екі күндей дүрілдетіп,Баурайын Қаратөбе дірілдетіп;Бағыштап бабалардың әруағынаАс берді ұрпақтары дүбірлетіп. Қашаннан қара жұртым – қастер еді,Аталы ел, баталы жұрт ас береді.Алғашқы Адай туын тіккен жері –Қасиетті Қаратөбе-Мәстек еді.Алланың тастай салған айнасындайҚара жер жаралды екен қай ғасырда-ай?!Шалқыған шалқар жонда күмбез көрем –Шалдардың шаншып кеткен найзасындай. Есті адам елеңдемей отыра ма,Қойтастан соға салған қотыр ала;Сол күмбез сонадайдан шақырадыДегендей: «Тас-кітапты оқы, бала!». Соңына түсіп алып шоқырақтың,Түсінген-түйгенімді тоқып аппын.Арабтың әліпбиін бұзып-жарып,Қолымнан келгенінше қопыраттым. Күмбезге көңілім ауды күнде менің,Үйренгім келіп еді,Үндемедің.Білгенім – бір тоғызға жете алмай жүр,Мың тоғыз – мына дүниеде білмегенім.Дегендей: «Бала, әзірге жоқпын саған!»,Қабағын қарс түйеді от құрсаған.Күмбездер күңіреніп сөйлемеді,Қадалып қара жебе-оқ қылшадан.Осыған риза бол, о, шалдарым,Жоқ затты жона алмайды – жоқ қылса адам.Біреулер бір күмбезін соға алмай жүр,Бабалар, жыр-күмбезін соқтым саған!..1998 жыл, 19 мамыр.Ақтау.