ВЕРНУТЬСЯ

«Қаңтардың шілдесі» күйіп тұр,Кеудеде запыран күйік тұр.Қан жұтқан қараша қамығып,Ызасын ішіне жиып тұр. Биліктің ойында – бүлік тұр,Мысқылдап, мұртынан күліп тұр.Амалы таусылған, шарасызАзамат ерлерім сұлық тұр. Қылт етсе, қанатын қиып тұр,Үстіне жаласын үйіп тұр.Мойнында – қарғысы халықтың,Қойнына қорғасын тығып тұр. Арсыздар аяғын сүйіп тұр,Бұқара ұйқыда, бұйық тұр.Еркіндік аңсаған ерлергеАбақты ауылы тиіп тұр.Суайттың сөзіне ел ұйып тұр,Бура-бұлт бұршағын құйып тұр.Құдыққа құлаған құлан-жұртҚұлдықтың қамытын киіп тұр. Ұлтымның рухы сынып тұр,Жұртымның шашын жел жұлып тұр.Қандықол жендетке жем болып,Қазақтың діңкесі құрып тұр. Биліктің иығы биік тұр,Халыққа қабағын түйіп тұр.Арнадан асатын дарияӘзірше уысқа сыйып тұр. Іштегі ой іркіт боп тынып тұр,Ал сыртта ақ боран ұлып тұр.Қаңтардың қақаған аязы,Қазақтың жігерін шынықтыр!Сарайдың іргесі іріп тұр,Сары тақ шайқалып, шіріп тұр.Көзіне жас толған халықтыңКөңілінде көп сұрақ тұнып тұр. Тым жақын қалды кез, тым жақын,Әзірше жоқ бізге бір жақын.Дүлейін төндірген дүниеніңҮрейін алатын үн жақын.Кімді-кім білетін күн жақын,Түндігін түретін жыл жақын.Арасын ашатын келді кез –Бағасын кім дұшпан, кім жақын.Қайнаған ызаның қазаныҚақпағын лақтырар күн жақын. Қашаннан қастерлі ғұрып бұл –Бір сойқан боларын біліп тұр:Дауылдың алдында – тыныштық,Дала да демін ап, тынып тұр. Ауызда – ақ кісен, құлып тұр,Кеудеде – кек кернеп, лық тұр...Қазақтың көктемі туады!Қазірше қаңтарым ұлып тұр...2012 жыл, 31 қаңтар - 1 ақпан.Ақтау қаласы.