ВЕРНУТЬСЯ

Тәубе

Арда едім – адамзатқа бағынбаған,Алақан жайып, жанға жалынбаған.Тілімді кесіп алар болса-дағы,Тірлікте тірі жанға жағынбаған.Азғантай несібем мен нәпақамды«Алланың бергені» деп қабылдаған.Бұл күнде бұлағайдың бұлты көшіп,Секілді сезімдерім дамылдаған.Жанымның жарқылдаған оттары өшіп,Жанартау сөнгендей ме жалындаған?!Семсерін қайсарлықтың сертке ұстағанЖаутаңкөз жасқаншақтық тағы ұрлаған.Кешегі кесек турар ірілік жоқ,Орнында – өкпе-қатық қабындаған.Басылып қалғандаймын, бағым ауып,Басына түссе пенде, нағылмаған?!Сүйкімсіз біреу болған сияқтымын –Сүймеген, сүйсінбеген, сағынбаған.Құдай-ау, от

Дүние-ғайып

                           Сазы: Марат Ордабаевтікі.Өкіндім кейде өлгім кеп,«Өмірге неге келдім?!» деп.«Өзі қып-қысқа ғұмырдыӨлеңге неге бердім?!» деп. Дүние деген – қу арман,Дүдәмал күйден құралған.Қу арман қуып келемінБір шыға алмастан құмардан. Алаң ғып әркез аз несіп,Кеудемнен керуен-саз көшіп;Қыз-ғұмыр,Саған налыдым,Қызықтан кейде баз кешіп.Дүние деген – қу арман,Сағымдай бейне сыланған.Ұшығына бір жете алмай,Боламын кейде жыларман. Артынан білдім әрқалай,Асылық екен, жалған-ай!Желкенді әппақ қайықтайЖеткізбей кеткен арман-ай! Дүние деген – қу арман,Шыңға да кейде шығарған.Қу арман,Сағ

Біздің ауылдың шалдары

«Біздің ауылдың шалдары –Шетінен текті, шешен кіл.Кім сенеді«Алдары –Ақиқат соты» десем бір?! Біздің ауылдың шалдарыЖағалай жалтақ боп алған.Бас иесі жоқ балдарыБағытсыз азып, тоналған. Кешегі кемең-герлердіңСарқыты да жоқ, сарқылған.Еңсесін басып ерлердіңАрсыз қатындар артылған. Отманға көміп жатырмызОзық ойларды отандық.Ойран қып бүгін отырмыз,Отанды қара қотан қып.Жағымпаздықтан жан салмай,Жатқа билеттің жұртымды.Қайғысыз күнді қарсы алмай,Қанға толтырдың ұртымды. Түсініктерің неге өлді,Түскен бір жандай талқы іске?!Шалдарым, саған не болды,Шатасатындай талтүсте?!   Көсемдер шықты к...і

Өркениеттің адасуы

Адам-Ата Сафи – Хауа АнаныңҰрпақтары,Уақыттың тап амалын!Мұндар шайтан,Мұратыңа жеттің бе,Қабыл орған кезде Абыл тамағын?!Сайқал малғұн,Сақылдап сен күлгенде,Жалбарыну-үнге толды жанарым.Жаратқанның құпиясын іздеуменТар дүниеде тасқа тиді талабым.Танымымды тариқаттар талқандап,Таусылды ақыр айла менен амалым.Мен түгілі,Ашық күнде алжыдыТалай «мықтың» тарс айырып талағын.Дауылпаздай даңқы барлар дағдарды,Даңғыра қып домбыраның шанағын.Қайыры жоқ қақтығысы діндердіңҚанмен жуды қара жердің алабын.Білсең, айтшы,Бір Аллаға бастайтынХақ Исламның жолы қайсы, қарағым?!Ізгілікті іздеп жүрек, талпынд

Қырық бір құмалақ

«Өткенге өкінбе!Болашақты болжама!»                   (Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың хадистерінен) Балгерден де басы айналып, шошымай,Талай тағдыр талқан болды босына-ай!Құмырсқадай құжынайтын құшнаштыңҚара жұртқа тіккен қара қосына-ай.«Біссіміллә!Құмалағым, ақ сөйле!»,Біздің шалдар бастаушы еді осылай. Бақсы-балгер басқан кезде гөй-гөйге,Басы бар жұрт әулиеге сенбей ме?!Құмалақ та шар тасындай шашырап,Құдіреттің тілінде әлде сөйлей ме?!Жиылатын ақ матаны айналаКілең бала қызық көріп кей-кейде.Байғұс балгер бабаңды еске ап мұралы,Болашаққа жоба-жоспар құрады.Сырын бермей, сыбырласып өзді-ө

Страницы