ВЕРНУТЬСЯ

                           Сазы: Марат Ордабаевтікі.Өкіндім кейде өлгім кеп,«Өмірге неге келдім?!» деп.«Өзі қып-қысқа ғұмырдыӨлеңге неге бердім?!» деп. Дүние деген – қу арман,Дүдәмал күйден құралған.Қу арман қуып келемінБір шыға алмастан құмардан. Алаң ғып әркез аз несіп,Кеудемнен керуен-саз көшіп;Қыз-ғұмыр,Саған налыдым,Қызықтан кейде баз кешіп.Дүние деген – қу арман,Сағымдай бейне сыланған.Ұшығына бір жете алмай,Боламын кейде жыларман. Артынан білдім әрқалай,Асылық екен, жалған-ай!Желкенді әппақ қайықтайЖеткізбей кеткен арман-ай! Дүние деген – қу арман,Шыңға да кейде шығарған.Қу арман,Саған сенбеймін,Қылықты қыздай бұралған......Арманды қуған сапардаЖар болғай өзің, бір Аллам!2000 жыл, 2 желтоқсан.Ақтау.