ВЕРНУТЬСЯ

Маза

Мен қартайып барам ба, қайтем осы?!Меңсіз күрең мінген күн қалды алыста.Анда-санда қылт етер Ай төбесіАспанынан жанымның Арман ұшқан. Қуалайды құрымағыр бір ой-бірді,Алтын уақыт өтеді аңсауменен.Шаш шіркіннің көңіліне ұры ой кірді,«Ақ түспенен ашына болсам» деген. Жастығымды жау-уақыт ала қашып,Байсал тартты баяғы бала ғашық.Ұшып кеткім келеді ұшпа шыңнан,Аспан жаққа ақ бумен араласып.Кетсем бе екен, шынымен кетсем бе екен?!Ақ бұлттардың арасын етсем мекен......Әй, құрысыншы!Басқаның несі кетсін,Қаласың ғой жаутаңдап тек сен, Көкем!.. Шашыратып миларын шартараптың,Қанат жайса қанды іңір, қа

Антоним

Мен жамандық көп жасадым Адамға,Адам азап көп шектірді маған да...Жан қалайша таза болсын –ІзгілікРеанимация үстеліндегі қоғамда?! Мен жауыздық көп жасадым Адамға,Қарымтасын қайтарды көп олар да.Әлем қалай азат болсын –АқиқатДар ағашын босатпаған ғаламда?! «Адам» деймін,Адам ба олар, тәйірі,Айуаннан да асып түссе айыбы?!Адалдықтың ақ кемесі батқанда,Аман қалды қарау ойдың қайығы. Аман қалды ол бар залымның бағына,Ажал оғын себер ме екен тағы да?!Ұры ой кірсе әлдекімнің көңіліне,Үрей кірген Адамзаттың жанына....Жеті басты ит жер шарына жар сап тұр,Қан сасыған қалың кебін қоршап тұр......Елес

Өлгім келеді...

(Марқұм Ысан ағама)Өлгім келеді, Аға,О дүниені де бір көргім келеді, Аға.Армандарымды ажалдың қанды тырнағынаБергім келеді, Аға,Ақ Сезімімді қара жерге көмгім келеді, Аға! Атылып өлгім келеді , Аға,Қимастарымның жанын қайғығаБатырып өлгім келеді, Аға.Асылып өлгім келеді, Аға,Құпияларымды құмар көздер мен құлақ біткенненЖасырып өлгім келеді, Аға! Былыққан көже, быт-шыт боп, миымШашылып өлгім өлгім келеді, Аға,Темір-терсек пен техниканың табандарынаБасылып өлгім келеді, Аға.Теңізге батып, тентіреп,Тұншығып өлгім келеді, Аға,Өлімге сондай ынтызар болып,Құлшынып...Өлгім келеді, Аға!Адасып өлгім

Айһай, дүние!..

Боз атқа ырғып мінерміз,Боз беткейге шығармыз,Бозбала-дәурен сүрерміз.Дембелше келген дененіДеңментпен берік буармыз. Ағима шекпен киерміз,Ақ найза қолға алармыз,Әруақтап жауға тиерміз.Қаһардың мініп қара айғырын,Қабыландай бүлік салармыз. Көк байрақты көтеріп,Көкжиекті бетке алып,Көш-керуенге жеке еріп;Қалың нудай топтанып,Қара көзіміз шоқтанып,Шабармыз жауға шаттанып. Зар тербеп жалқы жүректі,Заманның жалына жармасып;Ақ түлкідей арбасып,Айқын соқпақ таңдасып;Біріктіріп білекті,Тоғыстырып тілекті,Жол шегерміз жонды асып.Қабағын жауып, қабарғанҚалпағын алып қара орман,Қарсы тұра алмай қалба

Страницы