ВЕРНУТЬСЯ

Жан сыры

 «..Шаршадым, жүрегіме әлім келмей,Кеудемді қусырады дамыл бермей.Тұсаған тұла бойды осы дерттіҚойды бір ақылым да, әнім жеңбей».                              (Фариза Оңғарсынова) Мекер тірліктен меселім қайтып, мен негеЖаутаңдай қарап, жасқана берем, жерлене?!Білмеймін тіпті,                        білмеймін тіпті,                                                білмеймін –Ұқсамай жүрмін періштеге де, пендеге. Жан-жүрегімді жайлаған жайсыз жайларғаЕм болып қонып, ес жиғызатын ой бар ма?!Білмеймін тіпті,                       білмеймін тіпті,                                                бі

Жанымның жаз-көгінде бұлт аунады...

Жанымның жаз-көгінде бұлт аунады,Құлындай құбылма-күй құрсаулады.Жабырқап жүрем ылғи жалғас іздеп,Жазылмай қалып жырдың бір тармағы. Көңілден күмбір күйім төгілсе еді,Езбе күй еңсені езді ебіл-себіл.Сүйреткен сүйегімді сұрқай тірлік –Жігіттей тастап кеткен келіншегі. Басымнан шырлай ұшып, бақ та араздап,Баяғы тарлан күй жоқ топтан озған.Адамнан қалған көңіл – алау-далау,Аламын ашуымды ақ қағаздан.Шалдығып күнде дертке, күнде айығып,Қиялмен қызыл киік бір қайырып;Жыртамын ызаланып ақ қағазды,Көңілдің көк аспанын бірге айырып. Омалып, оған бола сөкпе ертеңді,Ойларым орман тектес отқа өртелді.

Өмір-ай! немесе Тағдырмен тайталас

Өмір-ай!Мені өңез тірлігің шаршатты,Ұмыттым барлық бақытым тұнған бал шақты.Түнек-тірліктен түңілген мынау түрімненТасжүрек тағдыр тартуындай боп тамшы ақты. Күлкі емес, күлкім – күрсініс толы күшәла,Тұралай берем, тұсала берем, тұсала.Тартынбай ішіп, тауыса да алмай келемін,Құмарым қанбай қуанышың мен құсаңа. Іштарлығыңды, құштарлығыңды көп көрдім,Кермек дәміңнен кеудеме у кеп, кектендім.Кете алмадым мен сонда да сені тәрк етіп –Келерін біліп келмеске қайта кеткеннің. Қысастығыңды, құс жастығыңды көп көрдім,Өлім көргем жоқ, өзгеңді бастан өткердім.Өлуге менің хақым да жоқ қой,Өйткені,Өмірг

Ақ пен қара

«Қара, қара, түндей қара, тастай қара, қап-қара,Қара деген – тіршілікке түскен қара ноқта ма?!Солай, бәлкім, сондықтан біз қаралықтан қашамыз,Қаралардың құпиясын ақ арқылы ашамыз».                        (Мұхтар Шаханов «Ақ пен қара») Кімге ұнамай, кімге ұнадым?!Түр-түсімді ел біледі.Сипаттаса құрбыларым,«Қара жігіт» дейді мені. Ат қояды ата-аналар,Әркім есім еншілейді.Шақырғанда жақсы ағалар,«Қара бала, келші» дейді.Көңіліңді түсінеді,Солар сені зорайтады –Таныстырса кішілері,«Қараторы» деп айтады. Тілі неткен ызғарлы еді,Бейнемді дәл жасапты айқын:Бала күнде қыздар мені«Негр ғой» деп маза

Бұрым

(Ұстазым Лұқпанова Гүлжанға) Есімде әлі ескі күндердің елесі:Кездер ғой кірмес құлаққа елдің кеңесі.Албырт шақ еді – аяқтап он жыл оқуды,Артыңда қалар балалық шақтың белесі. Өмір-ай, шіркін, байқатпай, баяу жылжыған,Әр таңдарыңнан көбіктей жеңіл мұңды ұғам......Физика пәні.Класқа кірді жаңа ұстазТірсекке соғып білектей бұрым жұп-жуан. О, қандай бұрым!Қамшы мынау өрілген?Көргенім осы бұрымды төмен беліңнен.Оңға да-солға, партаға соғып барады,Ойнақтай шапқан ерке бұлақтай көрінген. Қарады әйнектен күн сәулесі боп диқан-күз,Дегендей: «Қане, аруды біз де сыйлармыз».- Қара жылан, – деп күбір ете

Страницы