ВЕРНУТЬСЯ

Жанымның жаз-көгінде бұлт аунады,Құлындай құбылма-күй құрсаулады.Жабырқап жүрем ылғи жалғас іздеп,Жазылмай қалып жырдың бір тармағы. Көңілден күмбір күйім төгілсе еді,Езбе күй еңсені езді ебіл-себіл.Сүйреткен сүйегімді сұрқай тірлік –Жігіттей тастап кеткен келіншегі. Басымнан шырлай ұшып, бақ та араздап,Баяғы тарлан күй жоқ топтан озған.Адамнан қалған көңіл – алау-далау,Аламын ашуымды ақ қағаздан.Шалдығып күнде дертке, күнде айығып,Қиялмен қызыл киік бір қайырып;Жыртамын ызаланып ақ қағазды,Көңілдің көк аспанын бірге айырып. Омалып, оған бола сөкпе ертеңді,Ойларым орман тектес отқа өртелді.Сағынып жатам сосын сал күндерді,Жамылып жұлдыз өрнек көк көрпемді...1989 жыл, 24 желтоқсан. Алматы.