ВЕРНУТЬСЯ

«Қара, қара, түндей қара, тастай қара, қап-қара,Қара деген – тіршілікке түскен қара ноқта ма?!Солай, бәлкім, сондықтан біз қаралықтан қашамыз,Қаралардың құпиясын ақ арқылы ашамыз».                        (Мұхтар Шаханов «Ақ пен қара») Кімге ұнамай, кімге ұнадым?!Түр-түсімді ел біледі.Сипаттаса құрбыларым,«Қара жігіт» дейді мені. Ат қояды ата-аналар,Әркім есім еншілейді.Шақырғанда жақсы ағалар,«Қара бала, келші» дейді.Көңіліңді түсінеді,Солар сені зорайтады –Таныстырса кішілері,«Қараторы» деп айтады. Тілі неткен ызғарлы еді,Бейнемді дәл жасапты айқын:Бала күнде қыздар мені«Негр ғой» деп мазақтайтын. Ата-анаға бейкүнә екем,Ата-анаға аламыз ба –«Ақ Ршан ғой» дейтін әкем,«Аппақ» дейтін анамыз да.Айып па екен қаралығым,Жүрегімде жанғанында от?!Сол қап-қара бала бүгінЖүр бір қыздың арманы боп. Құдай берген пішін қара,Боянғам жоқ қара майға.Қара деген – түсім ғана,Жүрек аппақ,Жарамай ма?!.                 1988 жыл, 24 желтоқсан.Сыңғырлау.