ВЕРНУТЬСЯ

Адай

Адай деген – адуын, тентек халық,Ерлігі мен серілігі ертек халық.Қан жұтқызып қасарған қас-жауларын,Сергелдеңде жататын серті ақталып. Көмілгенде ақ шаңға атамекен,Ақ алмасы ашуымен қатар екен.Ауыл болып бір көзе су үшін деАт ойнатып, «аттандап» жатады екен. Қаны қайнаса, қабағы қантүленіп,Жары үшін де жатады жанды беріп.Қайың мінез, қайыспас, қайсар ру,Майыспайтын мәрт халық мәңгі берік. Кеудесінде даналық дара шыңы,Кемеңгер ғой қарттары – қарашығы.Намысының нарқынан қымбаты жоқ,Асқар биік арынан жоқ асылы. Есті сөзің елірген елге өтпеген,Замана ғой оятқан ойды оқпенен.Шешен тілмен төкпект

Тірлік құны

 Ер халықтың ерке ұлы, есіл еріӨткен талай айта алмай базынасын.Шежірелі Маңқыстау шешіледі,Кәрі кеуде жайып сап қазынасын. Жігер жатыр әр сырда от өріліп,Долы өзендей жартастан қарғып қашқан.Сәтке бүгін қом қырлар қопарылып,Суырылып сөйлесін сандықтастар. Дала мінез дарынға қырсық сын көп,Ессіз, дүлей тобырды «елім» деп пе ең?!Бұл жауыздық «Бұла күй тұншықсын» деп,Көміп кеткен Абылды кеңірдектен. Алмағайып уақытқа айып бар ма,Қылыш қанға боялған балдағынан?!Қан жұтқызып қараулық Қайыптарға,Ақбөбекті айырған ардағынан. Көз алдымда өр тұлға, батыр мүсін,Асау ыза кеудемді ұрғылады:Ақ найзалы

Әруақтар алдында

(Жатқан жерің жайлы болғыр қара шалдың әруағына бағыштаймын) Қарабайыр тірлігімнің қалыбыҚанжілік қып қажытса да жанымды;Асқақ болып ақиқат пен Ар үні,Әруақтар, сатқаным жоқ қанымды. Исі аңқыған мінезінен жөргектіңЕрке емеспін, естиярмын ес білген.Талассам да, тас лақтырып көрмеппін,Керіссем де, кетіскем жоқ ешкіммен. Мәңгі байлық санағам жоқ мал-жанды,Асқарға емес, қарап өстім аспанға.Алданыш қып көргенім жоқ арзанды,Албырттықпен ағат аяқ бассам да. Көкірегін бір алапат күй кернеп,Сақта, Тәңір, көтергеннен көкке өзін!Күшті алдында күйім кетіп, күйбеңдеп,Қу қарынға құл болған да жоқ кезім.Қ

Төлеген Айбергеновке

Ауыздық үзген тұлпарлар сындыКөзінің алдын шаң көмген –Көрдім мен сені, ей, қырдың ұлы,Алапат асау әндерден. Алқара аспанда ақсұңқар сындыҚалықтауды сенен үйренгем.Көрдім мен сені, жауқазын жандым,Күңіренген күмбір күйлерден. Құлазып қалдық сен кеткелі біз,Оркестрдей боп бір үні кем.Көрдім мен сені, көркем көңілдім,Көлдердің нәзік дірілінен. Көкірегімді тар дүние қысып,Тұншығып қалды қаншама арман.Сезіндім сені, аяулым менің,Таулардан соққан ақ самалдардан. Ұмсындың, жаным, омырауыңды ашып,Бала қырандар ұмтылған жаққа.Мен сені көрдім, алтын айдарлым,Шұғынық гүлге шық тұнған шақта. Жанымды т

Дарын

(Меңдекеш Сатыбалдиевке) «Бәйге атындай тілемейтін тақымдыҚызыл тілге жүйрік» дейді Ақынды.Сыйынғандай әруағыңа ылғи менМың мәртебе қайталаймын атыңды. Шаңырағың тұр әзірге шайқалмай,Әруағың қабыл алсын қайтармай.Өзің жайлы ой айта алмай келемін,«Жасық жырды арнама» деп айтардай. Егіледі жанарларым жасаурай –Ерте сөндің, шұғылаңды шаша алмай.Әншейінде тарпаң жырым алдыңдаҚалар жасып, жуасыған асаудай. Ұрпақтарға үлгі болған ғұмырыДарын аз ба дәл өзіңдей, жыр ұлы?!Бар секілді жусан исі жырыңда,Бар секілді тұлпарлардың дүбірі. Жырларыңда тұнықтық бар ақ таңдай,Көз алдымда дүние аунап жатқанда

Страницы