ВЕРНУТЬСЯ

(Жатқан жерің жайлы болғыр қара шалдың әруағына бағыштаймын) Қарабайыр тірлігімнің қалыбыҚанжілік қып қажытса да жанымды;Асқақ болып ақиқат пен Ар үні,Әруақтар, сатқаным жоқ қанымды. Исі аңқыған мінезінен жөргектіңЕрке емеспін, естиярмын ес білген.Талассам да, тас лақтырып көрмеппін,Керіссем де, кетіскем жоқ ешкіммен. Мәңгі байлық санағам жоқ мал-жанды,Асқарға емес, қарап өстім аспанға.Алданыш қып көргенім жоқ арзанды,Албырттықпен ағат аяқ бассам да. Көкірегін бір алапат күй кернеп,Сақта, Тәңір, көтергеннен көкке өзін!Күшті алдында күйім кетіп, күйбеңдеп,Қу қарынға құл болған да жоқ кезім.Қайтем, баба, зәредейді зор етіп,Дос дегенім шығып жатты дұшпан боп...Есе кетіп, ер басымды қор етіп,Көрінгенге көк желкемді тосқам жоқ. Атпай қалсын арай шашқан ақ таңым,Жалған айтсам, жалаң басым жарылсын;Қалағанымды алу үшін, қарттарым,Қасиеттіден аттағам жоқ – нан ұрсын! Ата-баба!Бейуақыт боздасам,Бейпіл көріп, санамағын сен өгей.Әлім білмей әруақты қозғасам,Жерге кіргіз жебедей!.. Өкпек желдің өтіне өнген өжет гүлӨмірінің қысқалығын сезе ме?!Кеудемдегі кіп-кішкентай көжектіңӨтінемін – дүрсілдерін тежеме!..1989 жыл.Сыңғырлау.