ВЕРНУТЬСЯ

 Ер халықтың ерке ұлы, есіл еріӨткен талай айта алмай базынасын.Шежірелі Маңқыстау шешіледі,Кәрі кеуде жайып сап қазынасын. Жігер жатыр әр сырда от өріліп,Долы өзендей жартастан қарғып қашқан.Сәтке бүгін қом қырлар қопарылып,Суырылып сөйлесін сандықтастар. Дала мінез дарынға қырсық сын көп,Ессіз, дүлей тобырды «елім» деп пе ең?!Бұл жауыздық «Бұла күй тұншықсын» деп,Көміп кеткен Абылды кеңірдектен. Алмағайып уақытқа айып бар ма,Қылыш қанға боялған балдағынан?!Қан жұтқызып қараулық Қайыптарға,Ақбөбекті айырған ардағынан. Көз алдымда өр тұлға, батыр мүсін,Асау ыза кеудемді ұрғылады:Ақ найзалы ерлердің ақырғысыАрманда өлген Досан да дулығалы. Ала арқанын лақтырар алыптарғаАжал-сұмның үрейлі аты неткен!Тентек шалдар тексіздік танытқандаҚабылан-жүрек арыстар қапы кеткен. Елеулісін ессіз күш ер көрген бе,Жатты аһ ұрып жарыса жаһан-көктер –Жалаң қылыш жалғыз-ақ сермелгенде,Жерді құшқан марқасқа Махамбеттер. Жақсыларды лақтырған жарқабақтан,Қайтем енді өкпе артып халқымызға?!Сойдақтап із, сор жасы, сорғалап қан,Қанды тарих қалмасын артымызда. Тұсау кескен қалтарыс-қараңғыдан,Арамдығын қоя ма арам әдет?!Айналама қараймын алаң-құлаң –«Ажал бір күн алқымнан ала ма?!» деп. Ай туғанда ауады Үркер төмен,Бозаң дүние бөленіп бозғыл сырға...Жұмыр басын солардың жұқ көрмегенАжал-көкжал біздерді азсынсын ба?!1989 жыл.Сыңғырлау.