ВЕРНУТЬСЯ

Күн

Қолтығында бұлттардың күн аунаған,Күн аунаған – сәбиден бір аумаған.Күлкісімен Күн-сәби ерітердейҚырлар шөгіп, жамылса қырау далам. Ақ моншақтар жанардан ыршап таңда,Айналайын көңілім, тыншып қалма.Құлыншағым кеудемде кісінейді,Тұлымшағын көтеріп Күн шыққанда. Күн келеді нұр сыйлап бар адамға,Қызыл найза лақтырып далаларға.Нұрдан жаралғанымды сезінемінЖарқын жүзді жалқын нұр жалағанда. Арай толар атқақтап содан кеуде,Нұр жүгіріп – Күн шықса маған демде.Қан жылайды жүрегім – Күн құласа,Қан-қан болған найзасын қадап жерге. Аймаласа нұрымен артыпты екпін,Шақырғанда сәби-Күн шалқып кеттім.Тарты

Күрең

Құйғытсам, шіркін, құлдилап жонда бірер күн,Құйрық-жалына маздаған шырақ-от іліп;Көкорай қырда күдері тізгін күреңніңКүпшек санында күміс тамшылар секіріп. Күлік арғымақ,Көкірегімнен күй ақтар,Сезімдер сонда сергек қылышын сермелеп;Жарқылдап жатса жалын шашып от-тұяқтар,Жанарларында дүбірлі дүние дөңгелеп. Қыдыра шауып, қиялай шықсам қыратқа,Шаңылтақ аспан...

Айлы түн

Аппақ нұрға малынғанАйлы түні-ай ауылдың!Ақ жібек шәлі жамылғанАйлы түні-ай сәуірдің! Айнала-маңай тып-тымық,Қиялға батты сыршыл қыз.Қысқа ғұмырды ұқтырып,Жарқ етіп ақты бір жұлдыз. Сыры терең сұлулықКүміс нұр боп сөйледі.Ақ жамбысын тағындыКөк аспанның көйлегі. Бойымды буып тәтті мұң,Бөдене-жүрек бұлқынды.Армандай асыл ақ түнімЖанымда жыр боп кіл тұнды. Жүрегім басы бал ұйып,Тылсым күйге бөледі.Дала жатыр далиып,Төбемнен ай төнеді. Ой кептері шарықтап,Теңіз-шабыт төгілді.Қиял құсы қалықтап,Тілгілейді көгімді. Ауыл-елді көшіреАрпыл қағып ит үрді...Ай – аспанның төсінеТаққан медаль секілді. 

Күзгі бұлттар

«Уа, Күн келеді!..»(Жұмекен Нәжімеденов) Шұбатылған шұбар бұлттар –Шудаланған жүн секілді.Сыңайынан сыр аңдып қал:Сыңси шыққан үн секілді. Сыңси шыққан үні секілдіКеруен тартқан көші-қонның.Тастай ауыр зілі секілдіТағдыр тартқан несібеңнің. Үздіккен бір үн шығады,Үн шығады бұл бұлттардан.Тұмса сезім тұншығады,Түнгі аспандай мүлгіп қалған. Аламанның атағы ма,«Ақтабанда» аласұрған?!Қаһандардың қаһары ма,Қақ тұрғызған қара судан?! Жалпақ елдің зары ма әлде,Жалтақ «ерге» күні қалған?!Албырт ердің арыны әлде,Ар-намысты жығып алған?! Әйтеуір бір үн келеді,Әр жүрекке ән боп дарып.Көкірекке жыр бөл

Таразылау немесе кешегі және келешек ұрпақ хақында

(Махамбеттің әруағына)Арыстан еді-ау Махаңдар –Алты да қарыс азуы.Жаратқаннан емес,Жаралғаннан солай тағдыр жазуы.Арыстан еді-ау Махаңдар,Мойымас анау-мынауға,Мойыны озық қатардан. Асқар бір бел еді-ау Махаңдар –Аласармайтын тұлғасы.Арзандамайтын ақ құны –Құла түзде көмусіз қалса да қу басы.Асқар бір бел еді-ау Махаңдар –Алмастай қиғыр тіліндеАщы да қатал қаһар бар. Құнан қойдың сақасы еді-ау Махаңдар –Құлжа мойын, кекшіл бас,Екіталай күн туса,Ерегіспей тек тұрмас.Құнан қойдың сақасы еді-ау Махаңдар –Құт мекен болған құм-шағыл,Шалқар төрі емес шаһарлар. «Қас үлектен туған қ

Страницы