ВЕРНУТЬСЯ

(Махамбеттің әруағына)Арыстан еді-ау Махаңдар –Алты да қарыс азуы.Жаратқаннан емес,Жаралғаннан солай тағдыр жазуы.Арыстан еді-ау Махаңдар,Мойымас анау-мынауға,Мойыны озық қатардан. Асқар бір бел еді-ау Махаңдар –Аласармайтын тұлғасы.Арзандамайтын ақ құны –Құла түзде көмусіз қалса да қу басы.Асқар бір бел еді-ау Махаңдар –Алмастай қиғыр тіліндеАщы да қатал қаһар бар. Құнан қойдың сақасы еді-ау Махаңдар –Құлжа мойын, кекшіл бас,Екіталай күн туса,Ерегіспей тек тұрмас.Құнан қойдың сақасы еді-ау Махаңдар –Құт мекен болған құм-шағыл,Шалқар төрі емес шаһарлар. «Қас үлектен туған қатепті»,Қайыспас қара нар еді-ау.Кісілігі мен кішілігіҚырық кісідей бар еді-ау.Ұсынса, құшақ жетпейтін,Ұмсынса, пышақ өтпейтін;Бадана көзді сауытты,Көкірегі дала еді-ау. Төрден бір алған тұғырын,Төбеден биік ұлығым.Он екі төбе билердіОн екі төбеттей шұбыртып,Құм Нарынды сыдыртып,Құмай тазы боп жер шалған.Қаройдай жапырақ-қонысынҚызғаныш еткен кең жалған. Батырлығына баланғанТарпаңдығы мен тасыры.Найзағай-мінез халықтыңНамысы биік хас ұлы.Уай, ұлыдан қалған бір ұшқын,Ұрпақтың еді-ау асылы!«Қазанаттан туған қазмойын»,Кекірейген кеуделі,Кер айдарлы, кекілді,Тұмарлы тұлпар секілді;«Құла майдан түздерге»Құрбан қылып құла атын;Қабағы қату күн кешіп,Халықтың кегін қуатын,Ай, «Айырдан туған жампоз» еді-ау Махаңдар –Туса – бір рет туатын. Өткірлігі өрттей-ді,Сергектігі серттей-ді,Көнбейтін бұлтың-бұлтаққа.Ақ сұңқар сынды, ай, Маха,Күле де көрме сен бізге –Күйбеңшіл, күйкі күйімізгеКүле де көрме, мін тақпа.Мүсіркей егіліп қара сен –Ұқпайтын ұлы тіліңді,Ұсақтап кеткен бүгінгіУай, мынау сорлы ұрпаққа!..1989 жыл, 12 шілде.Алматы.