ВЕРНУТЬСЯ

Аппақ нұрға малынғанАйлы түні-ай ауылдың!Ақ жібек шәлі жамылғанАйлы түні-ай сәуірдің! Айнала-маңай тып-тымық,Қиялға батты сыршыл қыз.Қысқа ғұмырды ұқтырып,Жарқ етіп ақты бір жұлдыз. Сыры терең сұлулықКүміс нұр боп сөйледі.Ақ жамбысын тағындыКөк аспанның көйлегі. Бойымды буып тәтті мұң,Бөдене-жүрек бұлқынды.Армандай асыл ақ түнімЖанымда жыр боп кіл тұнды. Жүрегім басы бал ұйып,Тылсым күйге бөледі.Дала жатыр далиып,Төбемнен ай төнеді. Ой кептері шарықтап,Теңіз-шабыт төгілді.Қиял құсы қалықтап,Тілгілейді көгімді. Ауыл-елді көшіреАрпыл қағып ит үрді...Ай – аспанның төсінеТаққан медаль секілді. Сәні кірді сәуірдің,Көгім көркем – ай барда.Айлы түні ауылдың,Қайғы-түнге айналма!1989 жыл, 13 наурыз.Сыңғырлау.