ВЕРНУТЬСЯ

Боз атқа ырғып мінерміз,Боз беткейге шығармыз,Бозбала-дәурен сүрерміз.Дембелше келген дененіДеңментпен берік буармыз. Ағима шекпен киерміз,Ақ найза қолға алармыз,Әруақтап жауға тиерміз.Қаһардың мініп қара айғырын,Қабыландай бүлік салармыз. Көк байрақты көтеріп,Көкжиекті бетке алып,Көш-керуенге жеке еріп;Қалың нудай топтанып,Қара көзіміз шоқтанып,Шабармыз жауға шаттанып. Зар тербеп жалқы жүректі,Заманның жалына жармасып;Ақ түлкідей арбасып,Айқын соқпақ таңдасып;Біріктіріп білекті,Тоғыстырып тілекті,Жол шегерміз жонды асып.Қабағын жауып, қабарғанҚалпағын алып қара орман,Қарсы тұра алмай қалбаңдап;Көз алдыңда көлбеңдеп,Өткел бермес өңмеңдепДария біткен далбаңдап;Ырқынан әбден айрылып,Ығысып жүре берер-ау.Арғымақтың жанарынАқ ала шаңыт көмер-ау,Ардағым сонда өлер-ауАламан бәйгені армандап. Құзғын құстай құралып,Жыртқышқа жем боп, жыланып;Жығылған келіп алдығаЗымияндардың жыланын,Зымыстандардың лаңынЗынданға салып, қинармыз –Құныкерімізді өлтіргендейҚұмарымызды қандыра.Ой қозғаған көсембіз,От ауызды шешенбіз.Омырауымыздан жел есіп,Отты суды кешерміз.Отман таумен теңесіп,Осылай да-осылай өсерміз. Сілекейленген быламық,Сірне-сірне мұңдардыңСілімтігін шығарып;Сілкінерміз сөйтіп біз,Бураға салып бұғалық. Айһай, сүйткен күндердіАқиқат бастан кешетін,Алаштың қамын жесетін,Атты заман туар ма –Азық қылар армансызТөбелескен дұшпанныңТөрт бөліп жеп төс етін.Сомадай болып жүрер ме ек,Сондай бір дәурен сүрер ме ек –Әлсізден емес,Арсыздан тауып тоятты;Айдай әлем бас иіп,Алшаң басып аяқты. Қара жердің қауызына сыймай, талтаңдап,Шалқақтағандар шатқаяқтап бір, тепеңдеп;Бозқасқаны болып қаңтармақ,Қараша үйден қаракөз сұлу жар таңдап;Айһай, дүние,Мұратымызға жетер ме ек,Мұртымызды балта шаппай,Осылай да-осылай өтер ме ек?!.1993 жыл, 6 қаңтар.Алматы.