ВЕРНУТЬСЯ

Үстірт

Пай-пай, шіркін!Мынау қырдың жатысын-ай шәниіп,Етек-жең кең ерке ұлдай далиып.«Тауларменен таласамын» дейді ме,Асқар шыңға қол соза ма ақиық?! Пай-пай, шіркін!Жатысын-ай, жатысын!Қамал сынды алдырмайтын қапысын.Азу тісін ақситады арландай,Тірі жанға жібермейтін ақысын. Сол екен ғой – өнегелі, өрелі,Өсер елдің өз күшіне сенері.Қырдың ұлы қияларға қол созбай,Аспан жаққа ұмтылатын себебі.Ей, балақай,Бұл нетуің, нетуің?!Кертиеді керзі қара етігің.Осы қырда туғандықтан екен ғойОтманға да сәлем бермей кетуің. Сіміртердей өтіріктің кермегін,Сіңіп еді еліңе қай еңбегің?«Құба жонда құла мінген кім?»

Экскурсия

          (Көне керуен ізімен)Шұбалған жол – шумақ-шумақ жіп сынды,Айпара-тау – айырға артқан жүк сынды.Көз ұшында көлбеңдейді көп түйе,Тыраң-соқпақ төзіміңді тықсырды. «Жібек жолы» өткен мұнда» деседі,Жүре берсең, жүлгелі ойың өседі.Жазған басың жантәсілім еткеліЖатқан жандай хикметті кешеді.Құм астында құпиясын бүгіп қыр,Құмыққан үн құлағыңды кеседі. Ұлықтасаң, бабаларды ұлықта,Елсу ишан қалдырған зор ғұрыпқа.Берді ишан мен Бегей Сисен, Тұрайымбет,Мұқан сұпы жаққа мойын бұрып та;Бектұр, Тектұр, Қырықмылтық КөшербайАхундардың әруағы құрып па?!.Барақ пенен Асауларға бас иіп,Бармақ

Бейнеу

                          Сазы: Ерекен Қорабаевтікі.Адырнадан бабам оқ атқан жері,Ақ отаудан анам от жаққан жері.Атамекен Бейнеуден атқа мінгенАдайымның нешебір ақтаңгері.Армандаған ақ таңы атқан жері,Алтын күні алаулап батқан жері.Ата-бабам ақорда туын тігіп,Ат байлайтын қазығын тапқан жері. Тұрман менен Тұрышым,Сам, Сыңғырлау – тынысым.Ақжігіт пен Ноғайтым,Арылмаған ырысың.Қарақұм мен Үстіртім –Қаратаудай ірісің.Аспантай мен Матайым –Алатаудай ұлысың.Шағырлы мен Шөмішті –Шалқып жатқан өрісім.Жетіқақ пен Көлтабан –Жайлауымның бірісің.Асалы мен Көкетай –Махаббаттың гүлісің.Күйкенұшқан, Мана

Ауылым Сыңғырлаудың бөктерінде

Ауылым Сыңғырлаудың бөктерінде,Раңы ырғалатын көктемінде.Баялыш, жыңғыл тұнған байтағым-ай,Боз жусан бой түзеген тептерінде. Ауылым Сыңғырлаудың бөктерінде,Асау күн, аялдамай, өткенің бе?!Бұйратты, бұйырғынды белдер қайда,Кетті ме кесір шалдың кетпенінде?! Ауылым Сыңғырлаудың бөктерінде,Керіліп күн күймесін жеккенінде –Ерініп ерке бала мал өргізіп,Басатын қара кемпір «жетпегірге». Ауылым Сыңғырлаудың бөктерінде,Қарттарым қазынасын төккенінде –Қауқылдап баласына бата беріп,«Қадамың құтты болсын!» деп келінге.Ауылым Сыңғырлаудың бөктерінде,Қол созған қоңыр күмбез көкте күнге.Қой жайған құба ж

Өмір мен өлім айқасы

(Анамның аузынан естіген халық аңызы) Сар шағыл құмы көзді қарықтырған,Аптабы алау отын жағып тұрған;Лебі құс қанатын қиып түсерСахара жұтым суға зарықтырған. Бойдағы күшіңді алып екінді-аптап,Қуырар жан біткеннің етін қақтап.Суырған құм дауылы тыныс бітеп,Тартады аяғыңнан бассаң аттап. Иітпей тас емшегін безерген шөл,Дейтіндей: «Еріндерің кезергенше өл».Сусиды жал-жал құмдар судай арбап,Бұл ара – баршаға аян, ежелден шөл. Нышаны тіршіліктің – құлан ғана,Ол да тек көз ұшында қылаңдаған.Құлазып, құр қаңсыған құла далаҚұпия жымиыспен сыр аңдаған.Қалың мал қаптай қаңғып оң-солында,Барады ендеп

Страницы