ВЕРНУТЬСЯ

                          Сазы: Ерекен Қорабаевтікі.Адырнадан бабам оқ атқан жері,Ақ отаудан анам от жаққан жері.Атамекен Бейнеуден атқа мінгенАдайымның нешебір ақтаңгері.Армандаған ақ таңы атқан жері,Алтын күні алаулап батқан жері.Ата-бабам ақорда туын тігіп,Ат байлайтын қазығын тапқан жері. Тұрман менен Тұрышым,Сам, Сыңғырлау – тынысым.Ақжігіт пен Ноғайтым,Арылмаған ырысың.Қарақұм мен Үстіртім –Қаратаудай ірісің.Аспантай мен Матайым –Алатаудай ұлысың.Шағырлы мен Шөмішті –Шалқып жатқан өрісім.Жетіқақ пен Көлтабан –Жайлауымның бірісің.Асалы мен Көкетай –Махаббаттың гүлісің.Күйкенұшқан, Манашы –Құрбанымның құнысың.Амантұрлы, Қожалақ –Азаматтың дүрісің.Атақозы, Ер Шабай –Ерлерімнің пірісің.Есенияз, Ер Төлеп –Өткір алмас қылышым.Балуанияз, Ер Қармыс –Байтақ елдің жырысың.Қараша үйдің үзігін жапқан жері,Қазанынан талғажау татқан жері.Орманбет би өлгесін, МанашыныОн бір бидің опасыз сатқан жері.Қантүленіп, ерлері ноғайлыныңҚайта айналып, қалмақты шапқан жері.Қарсақ жортпас қара дөң ел қонғанда,Қара бұлақ бауырынан аққан жері. Ырғызбай мен Қарасай –Жаннның сая, дауасы-ай!Тасастау мен Қайнар су –Тоғыз бұлақ саласы-ай!Төңірекшың, Тоқсанбай –Ежелгі елдің қаласы-ай.Бұлақтыкөл, Қопа менЖарқұм – бәрі жараса-ай;Төлебай мен Мүлкаман,Сарша – жердің дарасы-ай!Тарау-тарау құмдарыТаусылмайтын санаса-ай!Сирақшыққан, Құлажат,Серкебайдың арасы-ай!Айыршағыл, Елемес,Табиғатың тамаша-ай!Алтықұлаш, БөкенненАла дөңге қарашы-ай!Отызқұдық, Онқұдық,Бейнеудің, беу, даласы-ай!Шопанияз, Орындық,Үшсай, Ұшқан, Аласай.Қарабұлақ, Ақшағыл,Шүңкілдектің ауасы-ай!Бата дарып басына бақтан гөрі,Қастерлеген талантты тақтан гөрі.Қанша ғасыр қан төгіп, қайран бабам,Қамын жеген босамай аттан белі.Қасиетіңнен айналдым, Бекет атамҚауіп пенен қатерді қаққан жері.Қара тасты қақ жарып қайласымен,Қабырғалы мешітін соққан жері. Есенқазақ – ерегім,Ежелгі көз дерегім.Қаратүлей, мен сеніҚамалымдай көремін.Сырымтескен сыр шертер,Сыбызғы боп терегің.Уәліде ас бергенУәжі мол ел едім.Жыланды мен Қарасай –Теңіз түбі тереңім.Көксеңгір мен Дәуқара –Көк тіреген беренім.Тұрайымбет, Тортай құм –Тұла бойың шер едің.Өліқолтық, Шөмішкөл –Өткел бермес сор едің.Жыңғылдыой мен Ақсайым –Жылғалы су жер едің.Бесшымырау, Бернияз,Бекесқазған, Төлебім;Ащыбұлақ, Аққолқа,Ақтанберкін – қорегім.Қақпақты мен ҚарнауданТабылады керегің.Азынаған аптабы, соққан желі,Аш түлкідей адырда жортқан жері.Алты ай қысты аударып ат үстінде,Ащы дәмін тірліктің татқан жері.Атан түйе тарта алмас ауыртпалықАрқасына аяздай батқан жері.Аталарым сонда да ауа көшпей,Атажұрттың ауасы жаққан жері. Боранқұл мен Бұғабай –Боз жусанға бұ да бай.Бесөгіз бен ТәңкеніңБетінде өрген құралай.Жері от та, суы мол,Шыңыраудан шығады-ай.Молақтың кең ойындаМола біткен тұрады-ай.Құсшы әулие, Тесіктас –Көнермейтін мұрам-ай!Жеті ғасыр қойнынанЖеткен бізге құламай.Қыл жалаулы қалмаққаКүн туғанда бұлағай;Маңсуалмас, ЕсеттіТартып алған сұрамай.Қызыл әскер РахтаҚырылғанда қынадай;Мырзалы мен ОразбайМықтылығын сынады-ай.Қарағайлы, Майлы су –Тұна қалған тұмадай.Қосарқан мен ШахандыҚоныс қылған бұл Адай.Маңдайға ұстар елімнің мақтан жері,Майлы қиян, майса бел – аттам жері.Маңдайалды ерлерім мақтанышпенМадақтарды төсіне таққан жері.Қабырғасын сөксе де, қабақ шытпай,Қазынасын халқымның баққан жері.Күн астында күңіренген көп әулиеКөк тіреген күмбез боп жатқан жері. Ақшымырау, Абайым,Ақши толы ағайын.Шиланды мен ЖездініШежіреге санайын.Ащыағар сай, Жарқұдық –Пана қылған талайың.Омар-Тұрдың мазары,Қайдан теңеу табайын?!Көркембайдың мешіті,Көз суарып алайын.Көлеңкелі, Тастысай,Көк желекке орайын.Қызылқуыс, Теректі,Қыратыңа қарайын.Сарға деген сары құм,Сені неге балайын?!Құмиіннен құласаң,Құйқылжиды маңайың.Білеулі мен Белдеулі –Кілең керуен сарайым.Доңызтау мен БорсыққаҚандай кінә тағайын?!Оймауыт пен ЖелтаудыЕн жайлаған Адайым.2012 жыл, 4 ақпан, 1 мамыр.Ақтау.