ВЕРНУТЬСЯ

Адам-Ата Сафи – Хауа АнаныңҰрпақтары,Уақыттың тап амалын!Мұндар шайтан,Мұратыңа жеттің бе,Қабыл орған кезде Абыл тамағын?!Сайқал малғұн,Сақылдап сен күлгенде,Жалбарыну-үнге толды жанарым.Жаратқанның құпиясын іздеуменТар дүниеде тасқа тиді талабым.Танымымды тариқаттар талқандап,Таусылды ақыр айла менен амалым.Мен түгілі,Ашық күнде алжыдыТалай «мықтың» тарс айырып талағын.Дауылпаздай даңқы барлар дағдарды,Даңғыра қып домбыраның шанағын.Қайыры жоқ қақтығысы діндердіңҚанмен жуды қара жердің алабын.Білсең, айтшы,Бір Аллаға бастайтынХақ Исламның жолы қайсы, қарағым?!Ізгілікті іздеп жүрек, талпынды,Шаңырақтан ұшып шығып, шарқ ұрды.Жарға жықты жанталасқан байғұстыЖаулап алып жалған ілім-жалқынды.Маңдайына мөр ғып басып табрасын,Маңыраған мал сияқты халқымды;Топырлатып торға әкеліп түсірді,«Тот басатын темір ғой» деп алтынды.Алқа-қотан былғақтатып бастарын,Аузынан ақ көбік шашып, алқынды.Экстазға кіргізіп ап жаныңды,Эксперимент жасап жатыр сан түрлі.Дәметкенім «дәм босынды» қуалап,Алаяқтың соңына еріп, ант ұрды.«Алла – біреу.Апаратын ал оған, -Адастырды: - жолдар көп, - деп, - әртүрлі».Кімге сенем?!Айтшы, сонда кімге мен?!Қара су да ақпайды ма жүлгемен?!Жүйесі бар, киесі бар ел қайда,Иесі бар мал да ойнамас пірменен!«Шайқы», бақсы, «шарафатшы»  көбейіп,Шатыр-шұтыр басталды бір дүрбелең.Балақтағы битің басқа секіріп,Аяқтағы көншарық-құл «гүрлеген».Орны оның босағада емес пе ед,Орасаң да үлдеменен-бүлдемен?!Күйек сақал күркесінде күңкілдер,Күллі жұртты баурамақ боп жырменен.Аға болмай, анда кіргір арам ит,Айтшы маған,Исматуллаң кім деген?!«Тақсырым» деп қолын сүйіп, табынып,Талайлардың таза көңілі кірлеген.Қырғынға айдап қырылғырдың халқын бұл,Қыртымасаң,Қышиды ма бірдеңең?!Жұттан шыққан жұпыныдай мүләйімЖұртыңа осы «сыбағаң» ба сүрлеген?!Сенімі жоқ адам ерте сөнеді,Сенім деген – Темірқазық, себебі.Сенімдерін ұрлатқан сол бейбақтарСергелдеңнің семіз үрпін емеді.Сорлы халық сондайларға көнеді,Көнбей көрші!Оныңнан не өнеді?!Қарсы шықсаң, қандендерше жабылып,Қауып, тістеп, қолыңда олар өледі.Жансыздарға жалдап болып өнері,Арсыздарды ұлықтайды өлеңі.Өздерімен кетсе жақсы өңшең ит,Бабаңның да бар тарихын көмеді.Балаңның да басын жұтып,АздырдыЖастарды да жаңа ашылған желегі.Екі тесігіне ие бола алмай жүріп-ақ,Елге ақыл үйреткісі келеді.Керуенге кем ит болып үргендер,Ақиқатқа артын ашып күлгендер.Сендерге еріп, сеніп жүрген КещеніңШақша басын шарбағыма ілмеңдер!Қайда барсаң – онда барың,Қаптамай,Маңқыстау – кең,Маңайымнан жүрмеңдер!Атақ пенен мансап үшін ар сатып,Анасының етегін де түргендер.Аттап өтіп әруақтың үстінен,Абыз болғың келеді екен, мүрдемдер!Сөздері үшін сүйген жұртын алдауменӨздері үшін ғана өмір сүргендер.«Бір Алланы танытам» деп тантидыБүкіл елге бүлік салып жүргендер.Осы жұрттың обалы да – сендерде,О дүниеде сұрау болар,«Бір» деңдер!Қайран шалдар!..Тілек тілеп шаршап ед –«Алла мені иманыммен алса» деп.«Дінім – ислам, тегім – түркі, кітабым –Құран» деп біз жарты әлемге жар сап ек.Жүрегіңмен жүгінетін құбылағаОсы күнді ондаған жыл аңсап ек.Амал қанша,Қаңғытты ғой қауымдыАхмадия, салафилар қанша рет.Уаһабиші, нұршы, жыршы, қыршы боп,Аз қазақты адастырды малша кеп.Одан қалды, сопысымақ сорлатты,Оның қасында ойнап қалды «балшабек».Исламнан безіп кетті көп қазақ,«Иман деген сендер айтқан болса» деп.Е, қазағым!Енді неғып отырсың?!Жалты сөнген жанары бар соқырсың.Жарты миллион қандастарың жамырап,Жатқа кеткен жартылай сен – кәпірсің.Әншейінде әңгіме айтқыш батырсың,Әлгілерге қалай төзіп жатырсың?!Дедің бе әлде:«Дем біткен күн көрермін –Алла өзі алдына бір шақырсын».Оған дейін Отаныңды от шалып,Бесіктегі бейкүнә да шатылсын.Шындықты айтқан бірен-саран біреулерАбақтыға айдалсын да, атылсын......Сол болмай, не болар дейсің ақыры,Соры қайнаған сен – бір міскін, пақырсың!Бұдан асқан ақырзаман болмайды –Ұшпа шыңның жиегіне жақынсың.Заманақыр зарын айтқан ақынныңЗапыран-жырын тоң-миыңа тоқырсың......Жалғасы ма?!Жалғасын бұл өлеңніңЖаның жетсе, о дүниеде оқырсың!..                                                                      2006 жыл, 4 наурыз. Ақтау.