ВЕРНУТЬСЯ

Сені іздедім –Сайрауық құстардың қанатынан,Саз төккен сырнайлар санатынан.Балауса гүлдердің дірілінен,Барша әлемнің барлық тарапынан. Тебіреніп алады теңіз демін –Толқынымен жасырып жер іздерін.Көк теңізден көзімді алыс тастап,Сені іздегім келеді,Сені іздедім. Мен сені іздедім –Көкірегімнен төгілген лағыл-әндерден,Жарқылдақ, өткір жырлардан жаныма келген.Омырауыма самал толтырып, өзіңді, қалқам,Осынау жұмыр жүрекпен сағына бергем. Өзіңді таппай,Жыр айдынында жүзбейді өлеңім,«Қосылмайтұғын Қозы-Баяндар біздей» дер едім.Күңіреніп жаным, көзімнен моншақтар ыршып,Күлге айналып кеткенше іздей беремін.Тек қана сені іздеймін.1989 жыл, 24 желтоқсан. Алматы.