ВЕРНУТЬСЯ

Атыраудың алабы – әуен тұнған,Әуен шіркін әуелеп, әрең тынған.Қайып зарлап барады, қарашы, әне,Қарақасқа ат... Қаралы ер... Қара ер-тұрман. Әумесерден өзгелер ән ұғады,Жанартау боп жүрегім жарылады –Түн баласы төсекте төңбекшітерМахаңдардың қиқулап әруағы. Шықсаң белге құламен құйықтырып,Жорғасынан жылқының бүлк-бүлк;Құрманғазы күйлерін ұғынадыҚұмбыл белдер құлағын тігіп тұрып. Көп сырларды көмкерген көк жібекпен,Көз жіберсең көнеге көп жыл өткен –Көк найзасы көл-көсір көкке сүңгіп,Сүйінқара көрінер көкжиектен. «Жаным» деген жалғызы, серті-жыры,Майып болып Манашы – «бөлтірігі»;«Күйкен ұшқан» басынан күңіренгенКүй келеді... Зарланған кемпір үні... Қазанаттың ізіне қақ тұрады,Қара ниет лайлайды ақ тұманы.Досан кетіп барады дөң үстінде,Барған сайын алыстап ат тұяғы... Атыраудың алабы әнге толы,Әр сексеуіл-бұтасы әндетеді.Мұнаралы Маңқыстау атырабы –Сан саңлақтың сары құм, сал-мекені. «Құдай» болып жүр қазір құрамалар,Дарын деген – бала емес сұрап алар.Атырауда туған соң,Ақын болыпЖаратылмау – меніңше, күнә болар!..1989 жыл.Сыңғырлау.