ВЕРНУТЬСЯ

Қайран Дала!Қасиетіңді ұғар кім?!Сымбаттысы өзіңде ғой шынардың.Қанаттының патшасы да өзіңде,Тағы өзіңде жымысқысы жыланның. Қайран Дала!Қасіретіңді кім ұққан?!Өзіңде атты жарқын күліп тұнық таң.Өзіңде ғой бәйшешектің сұлуы,Өзіңде ғой жылы жүрек жыр ұққан. Құмырсқа да, бозторғай да өзіңде,Табылады алтының да, жезің де.Табиғаттың бар жақсысы бар сенде,Тар емессің тағы қатал сезімге. Қайран Дала!Байтақ Дала, кең Дала-ай!Тұр ғой қатар көгіңде бұлт, толған ай.Қырандарды сорғалатқан кеудеңдеЖыландарды жорғалаттың сен қалай?! Кеткен кезде кереңдікке ет өліп,Өтті зарлап сан саңлақтар от өріп.Жығып алған тұлпарлардың жүлдесінЖабыларды жаттың қалай көтеріп?! Аспаныңнан арайласа Ар таңы,Тегі есектер келешектен қорқады.Ұяттыға өмір бердің азапты,Тұяқтыға орын бердің сен тағы. Қайран Дала!Туған сенде жырларым,Құс төсегім – құлан жортқан қырларың.Абайлардай алтын айдар ұл туып,Оразбайға қалай тарлық қылмадың?! Егес күндер елдің әлі есінде,Тоңмойындар тоқтады ожар кесімге:Махамбеттің басын шауып жатқандаЖәңгір жүрді-ау алшаң басып төсіңде. Жүректерде оянғанда кекті өлең,Аз емес-ті көңілдерде «әттеген».Мұсаларың жаяу зарлап өткенде,Мұстафалар жүрді неге атпенен?! Неге әркез озбыр тұрды жоғары?!Айтшы, Дала,Айтпағаның көп әлі.Неге, неге әбілеттің ауылыӘділетпен егіз-қатар қонады?! Сыйған саған талай жендет қолы қан,Талай асыл дала-мінез дарыған.Мұның бәрін«Алаламас баласынАнаға тән дарқандығың» деп ұғам. Дәуіріме сұрақ қойып, артам жүк:Кейбіреуде екі ұғым бар – кең, тарлық.Ей, адамдар!Осы бізге жетпейді-ауДалаға тән кең пейіл мен дарқандық!                                   1988 жыл, 10 қараша.Сыңғырлау.