ВЕРНУТЬСЯ

«Қырық тоғызда – бір мүшел»,Қызыққа кезің елікпес.Кемшілігіңе күлгіш елЖетістігіңе желікпес. Жылауық бүгін жыр біткен,Жылытар жүрек жоқ па екен?!Қым-қуыт мынау тірліктенҚырық тоғызында өтті Әкем. «Алпыс бір жаста – бір мүшел»,Пайғамбар жасы болар ол.Артық мініме күлгіш ел,Сайқал күлкіңе сала бер! Қияға самғағанменен,Әкешім кетпес көңілден.Пайғамбар болмағанменен,Ақ-адал кетті өмірден. Әкесін күтіп әр күні,Жаман немерелер жол қарап;Артыңда қалған алты ұлыАрманын алға жалғамақ. Үш қызы – үміт-алауы,Үзілген жіпке үлкен сеп.Жазылмай жатқан жараныЖан-сарайды ашып бір көрсет!.. Халықтың көп қой тым тары,(Қара шал бізді жебесе);«Құсекеңнің ұрпағыҚұрып кетті ғой» демесе. Демесе болды: «Құрыды»,Құламай тұрсын шаңырақ.Өліге балап тіріні,Қалмасын анам аңырап. Мазалап осы ой әр күні,Мазасыз сезім торлаған –Жарып жеп жалғыз-жартыны,Жарылмай кетсек, болды аман!..1990 жыл, 16 шілде. Бейнеу.