ВЕРНУТЬСЯ

 Жаз нұрындай жанымызда жүргенде,Қайран әке, қадіріңді білгем бе?!Өміріңе өкпе-налаң жоқ жандайКете бардың қош айтыспай бір демде. Асқарлықтан айрылмаған қалпыңда,Осылайша құлады бір нар тұлға.Елі-жұрты еңіреп көп жылады,Қалды аңырап алты ұл, үш қыз артында. Ызғар шашқан суық хабар қаралыКүллі аймаққа жай оғындай тарады.Анамыздың жоқтау айтқан ащы үніҚан жылатты жүректерді жаралы. Тоқтап мәңгі өмір-күрес майданы,Бір тіршілік жердің астын жайлады.Желкемізден жерге тығып жетімдік,Көлдей тұнық көңілдерді лайлады. Көрін қазып, қара жерге көм, мейлі,Қайран көңіл қазасына сенбейді.Сорлы жүрек бар даусымен ышқынды:- Өлмеші, Әке, жетім болғым келмейді!1987 жыл, 11 қараша. Сыңғырлау.