ВЕРНУТЬСЯ

 Арманым жоқ-ты, асқарым,Парызымды тек өтесем.Бақытын тілеп басқаның,Не қызық көрдің,Әке, сен?! Өмір атты бір қысталаңЖуырда бітпес жол шектік.Сол жолда, Әке, біз сағанҚандай бір қызық көрсеттік?! Ери ме көңіл мұз-шері,Еріте алмайды екесің.Бір мәрте болсын, біз сеніҚуанта алдық па, Әкешім?! Жарқырап атпай ақ таңың,Жаның бір шомып буалдырға;Жиырма жыл төсек тартқаныңЖетпеді ме екен тағдырға?! Кім өлтіре алар өрлікті –Қалықтай берсең қыран боп?!Емен едің ғой ең мықты,Ойладық па біз «құлар» деп?! Фәни-дүниені тәрк етіп,Күңіренді жылап күндіз көк:Аңғармай қаппыз жарқ етіп,Ағып түскеніңді жұлдыз боп...1990 жыл, 18 қаңтар. Алматы.