ВЕРНУТЬСЯ

«..Бейнеуде қойтасы көп қорым жатыр,Бейіті біздің елдің сол болады..»                                          (Есенғали Раушанов)Қалықтап Қайып зарлық салған әні,Шарықтап шағыл құмда жол қалады.Таңдайы кеберсіген бір аймақ бар,Табаны тарландардың сол болады. Боздайды бозөкпе-жел ботадайын,Қозғайды шер-мұңыңды қопадайын.Бекеттің әруағы жар боп жүрер,Бейнеуге басыңды иіп өт, ағайын!1995 жыл, 22 наурыз. Ақтау.