ВЕРНУТЬСЯ

(Ибрагим  Жақсымбетовке)«Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа...»                                         (Төлеген Айбергенов)Астамсынған көңілімен адам-пенде аспанды да тез көрген,Алла берген «Ал, шүкір!» мен қанағатқа тояттамас кез-келген.Ақиқаттың ақыр түбі шың басына шығатынын сезгенмен,Өткен күнін өлшеместен Уақыт атты безбенмен;Алтын шыққан жерді кейдеҚоры сарқылса, қолындағы жез көрген,Еңіреген ерлерімді елін сатқан ез көрген.Қасиетсіз ондайлардың қабырғасын қақыратар – қара орманды сөккендей,Халық бұған төзе алмайды – алып бұған төзгенмен.Аллатағала «Жайнасын» деп жарқыратып маңдайына көз берген,«Сайрасын» деп сарқыратып таңдайына сөз бергенТалай тарлан тақтақ өтті опасы жоқ дүниеден,Одан бірақ ештеңе жоқ өзгерген.Өмір-керуен тоқтамайды, өз жөнімен көшеді,Мағынасыз бұл жалғанда маңдайыңның соры батпан – бес елі.Біздің жақта білгіш шалдар бүгіннен-ақ ертең қамын жеседі,Екі-ақ ауыз сөзіменен ердің құнын, елдің мұңын шешеді.Үйде отырып үлкендігін сездіріп,Шалқақтаған талайлардың шаруасын тоз қылып,Таһит жеген тасмаңдайдай тағдырынан бездіріп,Кердеңдеген кемақылды кең далада-ақ кесапатқа кез қылып;Билік пенен биіктегі мықтымсынған талайғаТырп еткізбей тыйым салып, үнсіз үкім кеседі.Сол шалдардың айтуынша,Соры басым дүниеде«Артында тек жақсы ісі қалған жандар – мәңгілік, Ал қалғаны – босқа кеткен, боздап өткен боз-дәурен ғой» деседі. Бұл тұрғыда бұла-дүниеде өмірге өкпең жоқ шығар,Алдаспанды шарға салсаң, айналаға ұшқын шашып, от шығар.Сенің сондай жарық дүниеде жаққан отыңа жылынып,Жанын созған жарым-көңіл мұңлықтар да көп шығар.Орынымен жасалмаған жақсылық –Айдалаға соқыр мерген атқан ол да оқ шығар.Көр-дүниеде – көп жігіттің көкірек көзі бітелген,Ата-анадан асыл парыз дарып, адал сүт емгенАзаматтың бойындағы адалдыққа басын иген бағалап,Адам түгіл, Алатаудың шыңына өскен ару-мүсін ақ шынар.Шіркін, біздің нар қазақтар намысына қонса ғой,Кемеліне келіп түгел, кемеріне толса ғой.Ауызымен құс тістеген аталары секілдіАлыс-жақын, сегіз қиыр шартарапты ақылымен шолса ғой.Саназар бай шалдарымдай, сақилардың әруағындай,Алты алаштың ардағындай, ақындардың арманындайСахараның салқар төсін самғап өтіп құс болып,Қанаты тек қайырымнан талса ғой.Аз қазақты алаламай, «ақ» деп, «көк» деп дараламай сүйетінАзаматтың бәрі Сендей болса ғой! Өмір солай –Өскендердің түрін көрдік жұрттың нанын жиі асап,Өзгелердің өгіздерін жегіп қойып, өзінікін қоя сап.Сен солардың шыжғырып кеп бетке басып шындығы мен ұятын,Қашан көрсем, қазағымның оздырам деп жиі атын;Шаршау білмей, шапқылаумен жүресің тек, шаруаңды жия сап –Қорланған мен тоналғанның жасын сүртіп көзінің,Тарыққан мен зарыққанның терең ұғып сезімін,Қолыңдағы бар нәріңді Құдай жолы садақадай құя сап;Мейірімнің мөлті тамған кеудеңеҚайырымның қарлығашы ұя сап.Бұл қазақта бай-бағлан көп – сұм дүниеге тоймайтын,Бар нәрсенің өлшемін тек баспен емес, қарынымен ойлайтын.Сен солардың күнәларын жуып-шайып жүргендейсің кей кезде,Ілкі ісіңмен – ізгіліктен ештеңені артық, биік қоймайтын.Байдан – банды, барымташы біткеннен –Батыр жасау дағдыларын даңғазалап жоймайтын,Басқа ешкімнің ештеңесі кетпейді, рас, бұл ғадетін қоймаса,Түбінде тек біздің халық сорлайтын! Атадан алтау туғанменен, азаматы бір бөлек,Айғырдан асау туғанменен, қазанаты бір бөлек.Арланнан алтау туғанменен, абаданы бір бөлек,Аққудан асыл туғанменен, ақ-адалы бір бөлек.Жақсыларды жағалаушы көп болады, жан-жағыңнан қаумалап,Жабығыңнан сығалап, жабуыңнан іргелеп.Жапырағың жайылғанда жүргенімен бұл маңда,Жалт береді күні ертең – басыңа күн туғанда.Қазақпыз ғой, қайтейік – бетке күліп, жылмаңдап,Былай шыға бергенде күңкілдесіп, күндемек. Сілкіп таста сіркеңді, жұлқып таста күркеңді –Қарап тұрсаң, қара нардай ағам-ау,Қасыңда ылғи қамқорсыған қалың бит пен бүрге көп.Ашық күнде, аға, саған айтып соны қояйын –Абылайға ақыл айтқан Бұхар сынды арғымағымды бастырмалап, мінбелеп,Атың озып, әруағың асып, тұрғаныңда тілге кеп...                                                                                         2006 жыл, 24 ақпан.Ақтау.