ВЕРНУТЬСЯ

Илаһи жырлар – жүректен,Ислам – оған таразы.Уа, иманын әркез ту еткенИманалының Шабазы. Селкеу түсірмей сенімге,Шиеленген түйінді шешкен жан.Ақын боп келіп өмірге,Азамат боп ғұмыр кешкен жан. Ел ішіндегі ерегім,Топ ішіндегі серегім.Ілкіде сізден тапқандайІздеген жандар керегін. Біздерді «Жас қой» демедің,Білгеніңді айтып, демедің.Өзіңнен болам көргендейӨткен күндердің дерегін.«Абызға лайық» дер едім,Аталы сөзді алған күн.«Аңызға лайық» дер едім,Тағдыр жолдарын тарланның. Аспанға биік теңедімАсқақтығын Сіздегі арманның.Мен Сізді, аға, көремінСарқытындай кешегі кемеңгер шалдардың. «Көрсеттік пе, - деп кейде отырамын, -Шабытына лайық құрмет шайырға асқақ?!».Қарабаудың қара топырағынМаңғыстаудың майлы қиянына айырбастап; Сіз келгенде мынау өңірге,Әдебиеттің әсем керуені көшіп келгендей.Аңқылдақ-жырлар толды асау көңілге,Айдарымыздан бір самал есіп бергендей.Жырларда Сіздің – зымырап аққан тоқталмай,Жылдардың желі жатады тулап көкпардай.Қатыгездікке қарсы құрылған қақпандай,Тексіздің басына тентектер ұрған шоқпардай.Меңдекештің мейміл-мұрасындай сақталмай,Фариза айтпаған сырлар сияқты ақтармай.Қосжанұлы Қазданбайдан қалған шоқ бардай,Отаралиев Мараттан қалған от бардай. Әдебиетшіні әумесер көріп, күлгендерАрылған емес әлі де тайыз түсініктен.«Бастық болғанның жөні осы екен» деп жүргендерҮлгі алсын Сіздік кісілік пенен кішіліктен. «Соларды, шіркін, шәкірттей сәби кекілді,Тондарын шешіп, топырлатып әкеп қойдай мың;Алдыңызға Сіздің алғашқы ұстаз секілдіПартаға отырғызып алар ма еді?!» деп ойлаймын.Көтермей жүгін мазақтың,Көңіл-кесеміз жүз сынды.Құла түзінде азаптыңҚұлазытты ойлар күз сынды. Бастадың сонда биіктерге бізді ғажап тым,Бабалар салған із сынды.Қарап отырсам,Барлық ақынының қазақтыңБас оқырманы – Сіз сынды. Жебе ұшына от байлап,Жеткізер ме атсаң, мұнара?!Қырды ғой талай отқа айдап,Қыртыған кілең «ұлы» аға. ...Жүрек түбінде шоқ қайнап,Сілкінбей көңіл тына ма?!Көз ұшындағы көкмойнақ –Сіз шығар, Аға, сірә да...                   2010 жыл, 1, 7 ақпан. Ақтау.