ВЕРНУТЬСЯ

Айыра алмай асылтас жүзікті Айдан,Кейде ұқсатам тобыққа мүжіп қойған.Мекеніне орныққан мың сан жұлдыз –Менің картам секілді сызып қойған. Несібеден демессің бұлар кенде,Неғайбылдау бір күмән тұрар менде.Жын жайлаған кеудеге жыпырлатыпЖұлдыздарды тағуға құмар пенде... ...Үмітіне көз тігіп Үр-қыз атты,Қылаң-көңіл қиялын қырға ұзатты.Түн көзінен мөлт еткен тамшыдай боп,Түу биіктен зымырап жұлдыз ақты. Ай-бейшара Аспанға асылады,Күн-құдірет көрінуге асығады.Уыз-тірлік ұйыған быт-шыт болып,Шартарапқа шапақтар шашырады.Түн бауырын сөгілтіп төсеп тұрған,Көзі түскен қиырды көшет қылғанКүн шуағы күлімдеп есед қырдан.Иіні түсіп, иегін қағады әлсізЕртеңінен емексіп «Есекқырған». Қараңғылық қабатын асай түсіп,Қанат жайып таң келед масайтысып.Шоғы әлсіз жылтырап Шолпан-жұлдыз,Қою түнмен барады қош айтысып. Қызыл арай жүгіріп Дала демде,Қынадай түс тамырдай тарады елге.«Құс жолының» салбырап қанаттары,Құлап жатыр сәулесі қара Жерге. Сән бола ма тұрғанда түсің қашып?!Сәруар-таң сәулеті мысын басып;«Ақбоз-Көкбозды» айналған «Жетіқарақшы»«Темірқазыққа» қарады тісін басып.Тәулік сайын Тәңірі-Түн ойыншы ғып,Таң тақалса, бой мұздап, қойын суып;Үдірейіп «Үркер» тұр анау шетте,Үнсіз ғана тағдырға мойынсұнып. Кім көнбейді тағдырдың әміріне,Өлшем айтқан қайсың бар өміріне?!Жұлдыз болып жұтылып кетпегенгеТәубе қылды бір бейбақ Тәңіріне... Қысқа болып қызуы оты күшті,Бұла қайрат бұза алмай бекіністі;Жұлдыздардың ғұмырын дәл осылайЖұтатыны Ажалдың өкінішті...2002 жыл, 27 ақпан.Ақтау.