ВЕРНУТЬСЯ

Қу тірліктен қанжілік боп қажыдым,Салатұғын әнімнің де сазы – мұң.Қара терек қайғы болды қазығым,Уменен тең уайым боп азығым. Ойлап тұрсаң, осы дүние – тор екен,Заманынан озып туу – сор екен.Таланына жазылмаған нәрсені«Тағдырынан тартып алам» деп жүргенПенденің де пейілі тым зор екен.Өмір деген – өлшеуі жоқ нәпсі менИманыңмен итжығысқа толы екен.Жер түбінде жеткізбейтін қу арман,Шерге толы шет-шегі жоқ жол екен.Адам деген – арман қуған айкезбе,Жарық дүниеде жаратылыстың қоры екен.Өлім деген – тәуір қиял, тәтті у,Өлшемі жоқ сол арманның соңы екен.Мейірімсіз мынау әңгі әлемдеМенің ешбір тойланбастай мерекем;«Көрдім» десем, көрешегім көп екен,«Болдым» десем, боркемік те, бор екем.Қолда барды қалай ғана қор етем?!Беу, дүние,Бес күндік боп берекем;Ешкімге де керексіз боп қалғаннанАуыр азап жоқ екен!..…Қой, мен сабыр етейін –Мұң-зарымды мұндар-дүние ұққанша,Әбілетті Әділет кеп жыққанша.Күншығыстан таңым күліп атқанша,Көкжиектен күнім қайта шыққанша......Бұл дүниеде болып жатыр жұт қанша,Сұм-жанарлар сұлулыққа сұқтанса –Құрып кету қаупінен бұл ӘлемдіҚұтқара алар тек Адалдық құтқарса!..2005  жыл, 6 желтоқсан.Ақтау.