ВЕРНУТЬСЯ

Атқан таң мен батқан күндей Шындық бар... Аттамай-ақ ала жібін шындықтың,Аштан өлмей, көшке ерген ғой атамыз.Уағызы мансұқтайтын ұрлықтыҰлы томды ұрлап бара жатамыз. Түндер бойы май ішкендей мазамыз,Төңбекшиміз, түріп тастап түндікті.Ұлы-ұлы томдар сосын жазамыз –Уағызы мансұқтайтын ұрлықты. Күле қарап, күл шашатын өткенге,Мазақтайын маска киген бетіңді.Адам біткен алдамшы боп кеткен бе –Афинаның ақындары секілді.*_________________________________*Ежелгі Афинада V ғасырда өмір сүрген ақындар кез-келген шығарманы жазарда сондағы кейіпкерлеріне орай киініп, маска тағады екен. Агафон, Аристофан сияқты трагик, комик ақындар да сөйткен. («Ақын кісі сырт пішінін өзінің, Бейімдеу мақұл жазбақ болған ойына..», «Лисистрата», 95-бет).Күні өткенге күйінем деп, досым-ау,Өткен іске бола өртенбе, өкініп.«Өмір деген сахнада осынауӨз ролім бар» деуің де – өтірік. Сен өзіңнен кете алмайсың сәлге ұзап,«Қасқа соқпақ қалсын, - десең, - артымда».Пешенеңе жазылар сол жалғыз-ақ:Бар қимылың – Құдіреттің қолында. Ұлуға ұқсас бірдеңе бар үніңде,Төгіп көзден жан-дүниеңнің жаңбырын;Жалт бересің таңда – маһшар күнінде,Жаратқанға жабасың да барлығын. Сосын бәрің состиып кеп тұрасың,Аллаң түгіл, анаңды да танымай......Арқалаған адамзаттың күнәсінБеу, ғаламатҺәм бейшара Тәңір-ай!..1992 жыл, 18, 26 наурыз.Алматы.