ВЕРНУТЬСЯ

Бұл неткен шу – бота боздап, бұлт иген,Арсыздар ма, айтшы, саған кім тиген?!Судан шыққан сүмелек ит секілдіСүдініңе болайын сол сүмпиген! Бұл неткен күн – бозмая бұлт иген күн,Бозғыл өңің сұрқындай сұр шинельдің.Айналайын, айтшы, саған тиген кім?!Жел жапсын да етегіңді ашылған,Мен салайын ағытылғанын түймеңнің. Жә, боздама!Қарашы өзің сұрыңа,Қаншық қасқыр секілденіп ұлыма.Тек еркекті жібітеді көз жасың,Ал есердің тиеді ол жынына. Сен – ғаламның сезім-мөлдір бұлағы,Сенсің елдің Құдайы да, Құраны.Сен бетіңді басқан кезде жұмыр ЖерБала-бұлтпен басып бетін тұр, әні.Түріп аш та түмен-қайрат түндігін,Түрегеліп, дәлелде әлем шындығын.Қорғануға хақың бар да, ей, Әйел,Қорлануға хақың жоқ еш, Мұңлығым! Жазған басың жалпы Көшке жай ердің,Жаса ғұмыр салттарына сай елдің.Бар намысын сақтау үшін Әлемнің,Ар-намысын таптамайық Әйелдің! Әйел, әйел, әйел, әйел, әйелдер,Неткен жаны байтақ, жайсаң, бай еңдер!....................................................................Әңгүдіктің ойыншығы еткен ӘйелдіКөр-ғұрыпты көріп еңдер қай елден?!Ойсыз жұртым,Ондай «салттан» безінің......Әне біреу нәпсі жеген төзімінЕтегіне қол салмақ боп еркенің,Абыройын ашып жатыр өзінің. О, Тәңірім!Осы – Өзің сүйген құл,Зәлім ойды зиялылау күйге ендір.Намысының үстінде, әне, нас немеАсыр салып, мағынасыз билеп жүр... О, Жасаған!Жойдасыз күш, «жол-дәстүрін» жой елдің,Ізгіліктің ақ тінінен ой өргін......Биліксіз құл биі біткен кезіндеҚұлайды кеп құшағына Әйелдің...1992 жыл, 16 наурыз.Алматы.